Жаңалықтар

«Қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқара алдық» - Асхат Оралов

ашық дереккөзі

«Қысқа мерзімде ауқымды жұмыс атқара алдық» - Асхат Оралов

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы болған Асхат Оралов қызметінен кетуіне байланысты әлеуметтік парақшасында жазба жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы лауазымындағы жұмысым аяқталды. Партиядағы жылға жуық жұмыс мен үшін аса жауапты және қарқынды болды. Осындай қысқа мерзімде біз барша партиялықтардың күшімен ауқымды жұмыс атқара алдық деп ойлаймын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партияны трансформациялауды қолға алдық. Жұмыс әдістері мен мазмұнын жаңартып, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, партиялық бақылауды және тұрғындармен кері байланысты күшейту сияқты көптеген бағыт бойынша атқарылған жұмыс аз емес. Осы ауқымды жұмыстың артында мыңдаған адам тұр. Бұлар – партияның орталық аппаратының, филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының қызметкерлері және қатардағы партиялықтар. «AMANAT»-та өз елін шын сүйетін және саяси ұйымымыздың ұстанымын кез келген деңгейде қорғауға дайын өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді деп білемін. Сондай-ақ ол кез келген қызметте Мемлекет басшысының стратегиялық бағытын іске асыруға үлес қосып, алға қойған міндеттерді әрқашан адал әрі толық жауапкершілікпен орындайтынын жеткізді. Біздің мақсатымыз Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі бола отырып, ел Президенті жариялаған саяси-экономикалық реформалардың іске асуына қолдау көрсету болды. Осындай ортақ мақсатқа жұдырықтай жұмыла білетін партияластармен жұмыс істеу маған үлкен мәртебе. Осы орайда, маған зор сенім білдіргені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, барлық жұмысты атқаруда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановқа ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін бірге аянбай қызмет етейік!