«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды
«AMANAT» партиясы екібастұздық мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды
«AMANAT» партиясының мүшелері екібастұздық 1 мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қысқы демалысты Семей және Алматы қалаларында, Түркістан, Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарының шипажайларында өткізеді. Дәл қазір Екібастұздық 54 мектеп оқушысы қалалық филиалдың ұйымдастыруымен қысқы демалысын Зеренді ауданындағы «Парус» лагерінде өткізуде. Партияның игі бастамасы барша балаларға серпін беріп жатқаны қуантады.
Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысты. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Екібастұздықтарға көрсетілетін көмек мұнымен шектелген жоқ. Мәселен, партиялық уәделерді орындау мақсатында аманаттықтар балаларға қысқы каникул кезінде демалыс ұйымдастырды. Ал осы кезде Екібастұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.
«Екі қызым Ақмола облысындағы «Парус» лагеріне барады. Осындай тамаша іс-шараға демеушілік жасап, жолдама ұсынған, демалыстың қызықты да тартымды бағдарламасын қарастырған «AMANAT» партиясына ерекше алғысымды білдіремін. Волонтерлермен бірге мен де көрпелер, жылытқыштар таратқан болатынмын. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатқанына қуаныштымын», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ирина Шабалдина.
Осылайша, Түркістан облысындағы Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс орнына бүгінде 50 бала келіп үлгерді. Соның бірі, Әмина Керімқұлова есімді 8-сынып оқушысы Түркістандағы тарихи орындарды аралауға асығып отыр.