Жаңатастағы жағдайды 2-3 сағатта ретке келтіру керек – әкім тапсырмасы

Жаңатастағы жағдайды 2-3 сағатта ретке келтіру керек – әкім тапсырмасы

Жаңатастағы жағдайды 2-3 сағатта ретке келтіру керек – әкім тапсырмасы
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жаңатастағы қатты дауылдан кейін қайта жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жерлермен танысты. Алдымен әкім «ЖаңатасСуЖылуға» барып, өте қысқа уақыт ішінде желден құлаған электр бағандарын қалпына келтіруді тапсырды. Одан кейін ол Д.Қонаев атындағы орта мектепке барды.
«Қаладағы оқу орындарындағы жылумен жабдықтау жұмыстарына баса назар аудару қажет. Бұған арнайы генераторды іске қосамыз», - деді Нұржігітов.
«Шахан» қосалқы станциясына барған әкім, ең алдымен қаланы жарықпен қамтамасыз ету керек екенін атап өтті. Дәл қазір электр жолдарын қайта қалпына келтіруге 10 бригада жұмылдырылған. Аймақ басшысы бұл жұмыстарды реттеуге 2-3 сағат берді.