"Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері" атты жаңа пән енгізілуі мүмкін
"Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері" атты жаңа пән енгізілуі мүмкін
Өскемен қаласының оқушыларына "Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері" атты жаңа пән оқытыла бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мектеп баңдарламасына жаңа пән енгізу бастамасын Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ұсынған. Прокуратура қызметкерлерінің ойынша, бірге тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрлерін жақсырақ танып білу, қазақстандықтардың бір-бірін жақсы түсінуіне ықпал етеді. "Көптеген дәстүр ұқсас келеді, өйткені тамыры бір. Осыны түсінсек бірлігіміз нығая түседі және қаншалықты жақын екенімізді көре аламыз", - деп ата өтті ведомство өкілдері.
Өскеменнің екі мектебінде ертеінен бастап жаңа пән пилоттық режимде жүргізіле бастайды. Ал жыл соңында "Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін" емтихан қабылданатын пәндер қатарына қосу жоспарланып отыр. Егер пән Шығыс Қазақстан мектептерінде сіңісіп кетсе, ары қарай еліміздің барлық оқу орындарының бағдарламасына енгізіледі.