38 жастағы ақтөбелік әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап, қаза тапты
38 жастағы ақтөбелік әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап, қаза тапты
Ақтөбеде 38 жастағы әйелдің үстіне қоқыс жәшігі құлап, ауыр жарақаттан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
Ақтөбеде қоқыс жәшігін тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері 38 жастағы жұмысшы әйелдің үстіне құлаған.
Оқиға 1-қаңтар күні Сәңкібай батыр даңғылында болған. Зардап шеккен әйел Көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізіліп, алған ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
Аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.