Мемлекет басшысы Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне қарай көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз. Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!» - делінген жеделхатта.