Жаңалықтар

Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі жарияланды

ашық дереккөзі

Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі жарияланды

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Central Asia Monitor-дың бас редакторы, Radiotochka.kz директоры Бигелді Ғабдуллиннің мүлкін жария етті.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жария етілген мүліктердің қатарында Талғар ауданы әкімінің Ғабдуллинге Белбұлақ ауылынан сыйға тартқан 18 сотық жер телімі, Алматы қаласында орналасқан пәтер, айыпталушының және жұбайының атына тіркелген екі автотұрақ, Мерседес S500 көлігі бар. Сондай-ақ, Ғабдуллинді жеке тінту барысында 25700 теңге мен 200 АҚШ доллары тәркіленген.

Сот отырысында судья Бағлан Ыдырысов айыпталушыдан Белбұлақ ауылындағы жер телімі кімге тиесілі екендігін сұрады. «Ол жер маған тиесілі, 18 сотық. Оны Талғар ауданы сыйға тартты. Аудан әкімі ешқандай бөтен ойсыз сыйлады. Бірақ оны айтсам ұзаққа созылады. Мұның тағылып отырған айыпқа еш қатысы жоқ», - деп атап өтті Ғабдуллин.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 16 қарашасында Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен Бигелді Ғабдуллин тұтқынға алынған болатын. Ғабдуллин «Central Asia Monitor» және «Radiotochka.kz» бұқаралық ақпарат құралдарының пайдасына бюджеттік қаржыны алу үшін бопсалау әрекетіне барды деп айыпталған еді. Өз құзырындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, мемлекеттік орган жетекшілерінің іскерлік абыройына нұқсан келетін материалдарды жариялау арқылы оларға ақпараттық шабуыл жасаған. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінен Ғабдуллин 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат бопсалағаны анықталды. Осындай жолмен 7 мемлекеттік орган Ғабдуллиннің қарамағындағы ақпарат құралдарына мемлекеттік тапсырыс беріп отырған