«Ең алғаш дебатқа қатысқанда екінші курста оқитынмын» – Аймағамбетов

«Ең алғаш дебатқа қатысқанда екінші курста оқитынмын» – Аймағамбетов

«Ең алғаш дебатқа қатысқанда екінші курста оқитынмын» – Аймағамбетов
ашық дереккөзі
Елімізде оқушылар арасында Республикалық деңгейде дебат турнирі өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысқан Білім және оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің дебатқа қалай қатысқаны туралы айтып берді. Бұл туралы ол өзінің телеграм арнасында жазды.

"Сол жылдары дебат қозғалысы өте белсенді дамыды. Әр университет пен көптеген мектепте дебат клубтары болды. Мектептерде дебаттар көбіне Карл Поппер форматы бойынша жүргізілсе, университеттерде америкалық парламент форматы басым болды.

Ең алғашқы пікірсайыс турниріне қатысқанымда университетте екінші курста оқитынмын. Бірге оқитын курстасым дебаттағы серіктесінің орнына шығуды өтінген еді. Кейін жарты жылдан кейін біз факультеттің, біршама уақыттан кейін университеттің, қаланың, облыстың чемпионы атандық. Одан кейін Ұлттық дебат турнирі өтті" деп жазды министр.

Оның жазуынша, Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларының шеңберінде, соңғы 3 жыл бойы оқушылар мен студенттер арасында «Оқуға кұштар мектеп» жобасын, өзін-өзі басқару және дебат қозғалыстарын жүйелі түрде дамытып келеді.

"Біз жаңа дебат үйірмелері мен клубтарын ашып, жұмыс істеп тұрғандарын дамытып жатырмыз. Бүгінгі таңда мұндай үйірмелер саны 7 мыңға жуықтап қалды. Ол үйірмелерге 123 мыңнан астам бала барады", - делінген министр жазбасында.