«Аль-Наср» жанкүйерлері Роналдуды қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

3 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
«Аль-Наср» жанкүйерлері Роналдуды қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО) «Аль-Наср» футбол клубының Twitter-дегі парақшасында Криштиану Роналдудың презентацияға келген видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
«G.O.A.T. келді», - деп жазылған видеода.
Айта кетейік, стадионға 30 мыңға жуық халық жиналған. Бұған дейін футболшының Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен келісім шартқа отырғанын хабарлаған болатынбыз. Қос тарап 2025 жылдың жазына дейін жұмыс істемек.

THE GOAT HAS ARRIVED 🐐 pic.twitter.com/bj2g0Qb0Ma

— AlNassr FC (@AlNassrFC_EN) January 3, 2023