Жаңалықтар

Қытайлықтардың саны 1,4 миллиардқа жетті

ашық дереккөзі

Қытайлықтардың саны 1,4 миллиардқа жетті

Өткен жылдың соңындағы есеп бойынша Қытай халқының саны 1,382 млрд адамға жетті. Аспанасты елінің халқы 12 айда 8 миллион адамға көбейген.

Биыл елде 17,86 млн жаңа туған сәби тіркелген, туу көрсеткіші мың адамға 12,95-ті құраған. Сондай-ақ, ҚХР-да 2016 жылы 9,77 млн адам қайтыс болған, өлім көрсеткіші мың адамға 7,09 болған.

Халықтың табиғи өсімі – мың адамға 5,86, табиғи азаю  - мың адамға 0,9 айналасында. Бұған дейін 2016 жылы Қытай ЖІӨ өсу қарқыны 26 жылдағы ең төменгі нәтиже көрсеткені хабарланған болатын.