Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді?

3 қаңтар, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді?

Танымал футболшы Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасындағы алғашқы ойынын өткізетін уақыты белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Айта кетейік, португалиялық шабуылшы 2 қаңтарда жаңа командасының сапына қосылды. Ол алғашқы ойынын алдағы бейсенбіде, 5 қаңтарда өткізуі мүмкін.