Жаңалықтар

Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

ашық дереккөзі

Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары бір-бірін жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.