Жаңалықтар

Жамбыл облысында боранда жолда қалған 37 бала құтқарылды

ашық дереккөзі

Жамбыл облысында боранда жолда қалған 37 бала құтқарылды

«Алматы-Термез-Ташкент» жолының жабық учаскесінен ТЖД қызметкерлері 110 адамды, оның ішінде 37 баланы эвакуациялады деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖД күштері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету мақсатында патрульдеу жұмыстарын жүргізген.

«Нәтижесінде құтқарушылар 110 адамды, оның ішінде 37 баланы құтқарды. Құтқарылғандар М.Жұмабаев атындағы №29 орта мектептегі жылыту пунктіне жеткізілді. Оларға психологиялық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ақпаратта.

Құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД қызметінің 3 техникасы мен 10 маман жұмылдырылғаны белгілі болды.