Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм эфирге шығады
Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм эфирге шығады
Қаңтар оқиғасының бір жылдығына байланысты 5 қаңтарда «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады деп хабарлады turkystan.kz.
Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады. Деректі фильмдегі куәгерлер - сол уақытта зардап шеккен бейбіт тұрғындарға көмек көрсеткен түрлі маман иелері.
5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сол сәттегі шешімдері мен үндеулері туралы «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі.
6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» деректі фильмі эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі. Бас прокуратура, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері, заңгерлер, рақымшылық берілген азаматтардың сұхбаты беріледі.