Халықаралық бокс рейтингінде Қазақстан көш бастады

Халықаралық бокс рейтингінде Қазақстан көш бастады

Халықаралық бокс рейтингінде Қазақстан көш бастады
ашық дереккөзі

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орынға жайғасты деп хабарлады turkystan.kz ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр», - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.