Президент қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойды
Президент қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, құжаттың негізгі мақсаты - қазақы тазы және төбет ит тұқымдарын сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық экономикалық негіздерін белгілеу.