Путин өзі емделетін эксклюзивті клиника салдыртып жатыр

Путин өзі емделетін эксклюзивті клиника салдыртып жатыр

Путин өзі емделетін эксклюзивті клиника салдыртып жатыр
ашық дереккөзі

Путин мен оның айналасындағылар үшін Ресей астанасында эксклюзивті клиника салынып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Емхана Орталық клиникалық аурухана аумағындағы үш қабатты корпуста орналасады. Жаңа аурухана бар болғаны 10 емделушіге арналған. Мұнда президент, премьер-министр және оларға ең жақын бірнеше адам пайдаланатын байланыс жүйесі орнатылады. Жоба құны - 3 миллиард рубль.

Президент істері басқармасы клиника салынып жатқанын растады. Reuters агенттігіне хабарланған ресми мәлімет бойынша, аурухана Путиннің айналасындағыларға ғана емес, бірнеше жүз мемлекеттік қызметкерге қызмет көрсетпек.

Айта кетейік, Владимир Путин өткен жылы Жалпыресейлік халық форумында Орталық клиникалық ауруханада ем қабылдайтынын, бірақ ондағы дәрігерлер медициналық қызметтің қазіргі заман талабына сай емес екенін мәлімдеген.