Студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі
Студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі
Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі, - деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Cондай-ақ магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға көбейеді. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да басты назарда.
Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 5 500 орындық 9 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарға енгізілген. Бұған қоса, жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алады.