Елордада жаңа жыл түні петарданың кесірінен пәтер балконы өртенді

Елордада жаңа жыл түні петарданың кесірінен пәтер балконы өртенді

Елордада жаңа жыл түні петарданың кесірінен пәтер балконы өртенді
ашық дереккөзі
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінің балконы петарданың кесірінен отқа оранды. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Әлеуметтік желілердің хабарлауынша, жаңа жыл түнінде тұрғындар ұшырған петарданың бірі үйдің балконына қарай ұшып, сонда жарылған. Бұл кезде пәтерде ешкім болмаған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«1 қаңтар күні сағат 00:20-да 101 пультіне Нәжімеденов көшесіндегі 16-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде үйдің №11 пәтерінің балконында тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Жалын 5 шаршы метр аумаққа тарады», - деп хабарлайды Астана қалалық ТЖД.
Тілсіз жау сағат 00:42-де толық ауыздықталды. Өрттің шығуына пиротехникалық бұйымдарды жандыру себеп болған. Зардап шеккендер жоқ.