Елена Рыбакина жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аделаида WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.  Рыбакина алғашқы айналымда Даниэль Коллинзбен шеберлік байқасты. Бірінші кезең америкалық спортшының жеңісімен аяқталды – 7:5. Екінші сетте Елена 6:2 есебімен есе қайырды. Шешуші партияда да Рыбакина қарсыласынан (6:3) басым түсті. Тартысты кездесуде Елена 14 эйс жасап, 17 брейк-пойнттың төртеуін ұтымды пайдалана білді. Коллинз бұл ойында 5 эйс, 2 брейк жасады. Енді Елена Рыбакина ширек финалдық кезеңнің жолдамасын әлемнің 69-ракеткасы Марта Костюкпен сарапқа салады. Украиналық теннисші бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 162-сатыда тұрған аустралиялық Джейми Форлисті қапы қалдырды. Австралияда өтіп жатқан Аделаида WTA 500 турнирі 8 қаңтарға дейін жалғасады.