Жаңалықтар

«Қаңтар оқиғасы. Референдум. Сайлау»: Биылғы жыл несімен есте қалды?

ашық дереккөзі

«Қаңтар оқиғасы. Референдум. Сайлау»: Биылғы жыл несімен есте қалды?

2022 жыл шулы даталармен есте сақталды. Жыл қаңтар оқиғасымен басталып, Екібастұздағы жылу желісіндегі апатпен аяқталды. Turkystan.kz биылғы жылдың маңызды оқиғаларына шолу жасайды.

Қаңтар оқиғасы

2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтті. Дауыс беруге 7 986 293 адам қатысып, 1 490 475 адам референдумға қарсы дауыс берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар: – Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; – Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; – Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; – Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; – Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы республикалық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды.

Бір жылда екі Жолдау

Өрт 2 қыркүйек күні сағат 15:10-да жоғары температура мен секундына 20 метрге дейін болған екпінді желдің әсерінен басталған. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Екі елді мекендегі 91 тұрғын үй жанып, барлығы 2091 адам эвакуацияланды. Оның ішінде, 12 адам жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар алған болса, бір адам қаза тапты. Өртті 700-ден аса құтқарушы сөндірді. 7 қыркүйек күні сағат 15:00-де Қостанай облысында болған ірі өрт толығымен өшірілді. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері Қостанай облысындағы орманды қалпына келтіру жұмыстарына 1 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті. Eurasian Resources Group өрттің салдарын жоюға 1 миллиард теңге бөледі. Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқан 20 адам «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 48 азаматқа алғыс жариялады.

Астана атауының қайтарылуы

Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтті. Сайлау нәтижесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, қайта сайланды. Оның ұлықтау рәсімі 26 қараша күні болды. 26 қыркүйек күні «Yntymaq» тіркелмеген партиясы өзінің басшысы Мейрам Зекешұлы Қажыкенді сайлау үміткері ретінде ұсынды. 30 қыркүйек күні «Ауыл» Халық Демократиялық Патриоттік партиясының XX кезектен тыс жиналысы өтіп, партия атынан сайлауға қатысатын үміткер Жигули Дайрабаев таңдалды. 1 қазан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия XIX кезектен тыс жиналысын өткізіп, үміткер ретінде Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты таңдады. 19 қазан күні Қарақат Жақсылыққызы Әбден «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атты Республикалық қоғамдық бірлестік атынан президент сайлауға үміткер болып тіркелді. 20 қазанда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова президентікке үміткер болып тіркелді. Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте халыққа Жолдауында қайта сайлауға түсетінін жариялады.

Екібастұздағы апат