Қарағандыда сауда үйінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды
Қарағандыда сауда үйінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды
Бүгін таңертең Қарағандының «Майқұдық» шағынауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сауда үйінің жанында белгісіз әйелдің денесі жатқаны туралы Қарағанды қалалық ЖБО-ға кездейсоқ куәгер хабарлаған. Полиция дереу оқиға орнына жеткен.
«31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағынаудандағы «Аян» СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады», - деп хабарлады полиция.