Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынылады

ашық дереккөзі

Келесі жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынылады

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін баспана алу үшін жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша несие ала алады деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. «Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна 20%-ды құрайды. Егер ол бар болса, «Отбасы банкінің» клиенттері алдын ала қарыз алуға мүмкіндік алады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 12,5%. Алайда ол 10 жылдан кейін төмендейді. Несиенің ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге тең. «Отбасы банк» АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, салынып жатқан үйлердің энергия тиімділігі алдағы 50 жылда күн тәртібінде тұрған мәселе. «Мұндай үйлерді қазақстандықтар жаңа жылдан бастап сатып алуға мүмкіндік алады. 35 млн теңгеге үш-төрт бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Біз Қазақстанда жасыл қаржыландырудың дамуына үлес қосып отырмыз деп ойлаймыз», - деді Ләззат Ибрагимова. Ол жобадан алынған тәжірибе әрі қарай ірі халықаралық қаржы компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін айтты. «Себебі, қазірдің өзінде жасыл қаржыландыруға деген қызығушылық артып отыр», - деді ол.