Амантай қажы: Зейнеткер деген сөзден ұяламын!
Амантай қажы: Зейнеткер деген сөзден ұяламын!
"Аттан" дейтін ұранымен елге танылған Амантай қажы «Корреспондент» газетіне сұхбат беріп, қайырымдылық істері жайлы баяндады.
Қажы өзін жас сезінетінін, тіпті зейнеткер деген сөзден ұялатынын айтты. "Зейнет жасына толғалы, 12 жыл болса да, тіпті зейнетақымды да алған емеспін. Өйткені өзімді жас санаймын. Зейнеткер деген сөзден ұяламын. Көзімнің жеткені, Алла Тағалам өзінің сүйікті құлына зор абырой берсе, оған ақша өзі іздеп келеді екен", - дейді Амантай қажы Асылбек.
Басылымға берген сұхбатында 20 миллион теңгеден астам садақа бергенін де жасырған жоқ."1994 жылы Жаратқан ием үлкен қажылықты нәсіп етті. Жалпы, аян беріліп, Меккеде әруақтарға арнап он рет ас беріп, Құран бағыштағаным рас. Мың адам қатысты. Талай адамның қажылыққа баруына септігім тиді. Одан бөлек Семей полигоны зардабынан жанары суалған зағиптарға, Алматы қаласында жетімдерге де хал-қадерімше 20 жылдан бері жәрдем беріп келемін. Қазақ «Оң қолың берген садақаны сол қолың көрмесін» дейтін халық қой, әйткенмен осы күні есептеп қарасам, 20 миллион теңгеден астам садақа беріппін. Әйтпесе өзім оңтүстік астанадағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында 45 жылдан бері өмір сүріп келе жатырмын", - дейді Амантай қажы.