«Яндекстің» тең құрылтайшысы компаниядан кететінін мәлімдеді

«Яндекстің» тең құрылтайшысы компаниядан кететінін мәлімдеді

«Яндекстің» тең құрылтайшысы компаниядан кететінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
Қазақстан тумасы, «Яндекстің» тең құрылтайшысы және бұрынғы бас директоры Аркадий Волож компаниядан кететінін хабарлады деп жазады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Аркадий Волож қызметкерлермен қоштасу хатын жазған, онда ол «Яндексті» қайта құрылымдау жоспарын әбден орынды және қажет деп атаған.
«Өздеріңіз білесіздер, мен ресейлік «Яндексті» көптен бері басқарып келемін, биыл компаниядағы барлық лауазымнан толығымен кетуге тура келді. «Яндекс» – өмірімнің жобасы. Елдегі ең жақсы технология компаниясын салған және салып жатқандардың бәріне рақмет. Жаңа жыл баршаға бейбітшілік әкелсін», - деп жазды Аркадий Волож.
Волож «Яндекстің» директорлар кеңесі мен басшылығы әзірлеп жатқан компанияны қайта құрылымдау жоспары орынды және қажетті деп есептейтінін қосты. Сондай-ақ корпорацияның тең құрылтайшысы әлі де компанияның төрт халықаралық стартапын дамытуға көмектесуге мүдделі екенін атап өтті.