Әлем чемпионы атанған Бибісара жетістігінің құпиясын айтты
Әлем чемпионы атанған Бибісара жетістігінің құпиясын айтты
18 жастағы қазақстандық шахматшы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатындағы өз жетістігінің құпиясын бөлісті деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
30 желтоқсанда Бибісара Асаубаева екінші жыл қатарынан әйелдер арасындағы блиц бойынша алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды.
«Өзенге қатарынан екінші мәрте сүңги алмайсың" деген бар ғой. Бірақ бұл өзенім - шахматтан әлем чемпионаты емес пе? Оның үстіне туған елім Қазақстанда өтіп жатқаны бар. Әрине, жауапкершілік орасан зор: чемпиондықты қорғауың керек, екінші рет қатарынан әйелдер арасындағы блиц бойынша әлем чемпионы болуың керек. Бірақ ол менің қолымнан келді. Бұл жолы 13 саны жеңіс әкелді. Тура осынша ұпай жинап, блицте бірінші орын иелендім. «Жеңіске жету үшін ең бастысы не?» деп маған жиі сұрақ қойылып жатады. Ашығын айтайын: бәрі! Дайындықтан, психологиялық көзқарастан бастап, туыстарының, жақындарының және жанкүйерлерінің қолдауына дейін», – деді Бибісара Асаубаева.
Шахмат жанкүйерлерінің көбісі, әсіресе қарсыластары Бибісары Асаубаеваның 2022 жылғы әлем чемпионатында дене қызуы болғанына қарамастан жарыстан шеттемей, онысын ешкімге білдірмей ойынға ден қойғанын біле бермейді.
«Бұл жолғы дайындық ғарышқа ұшар алдындағы дайындыққа ұқсады десем, артық айтпаған болар едім. Анам ең мықты жаттықтырушылармен дайындық ұйымдастырды. Күнде күшейтілген режимде қызу дайындық жүріп жатты, ақырында ауырып тындым. Рапид бойынша жарыс болған барлық күндері дене қызуым болдым. Көңілім түсіп кетті. Бірақ анам қажетті сөздерді тауып, дұрыс қолдап отырды. «Сара, сен блицте жеңіске жетесің!». Тура солай болды. Бізде бір қызық заңдылық бар. Анам қалай дейді, солай болады ғой. Ақыры, міне, көптен күткен медаль! Шахматтан әлем чемпионаты менің туған елімде, Қазақстанда өткеніне әрі басты жүлде «алтынды» өзімізге қалдыра алғаныма қатты қуаныштымын!»⠀- деді шахматшы.
Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының соңғы турына дейін екінші орында тұрған болатын. Ол Үндістан өкілі Харику Даринавилумен «алтынға» таласып, жеңіске жетті.
«Жеңісті анам Лиана мен әкем Мүсілімге арнаймын. Олар маған барын салды. Сондай-ақ маған сенім білдірген баршаға алғыс білдіремін. Осынау күндерді мені қолдап-қолпаштаған, маған сенім ұялатып, жеңіске жетелеген барлық қазақстандыққа, шахматшыларға, жанкүйерлерге де. Мен үшін өздеріңіз қымбатсыздар. Өздеріңіздің қолдауларыңыз болмаса, маған қиын болар еді. Қазақстан жасасын! Шахмат жасасын!» – деді Бибісара Асаубаева.