Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Turkistan газетінің шетелдегі кейіпкерлері марапатталды

Ресейдің Красноярск қаласындағы «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының негізін қалаушылардың бірі Гүлнар Төлешова мен «Омбы қазақтары» ұйымының негізін қалаған Торғын Әшенова еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Гүлнара Төлешова мен Торғын Әшенова – халықаралық Turkistan газеті жобасының кейіпкерлері. Шетелде қазақтың рухани-мәдени өмірін насихаттап жүрген олар бұған дейін газетімізге сұхбат берген болатын.

Красноярск (Ресей) қаласындағы қазақ жастарының көшбасшысы ретінде танылған Гүлнара Төлешова осындағы қазақтардың рухани-мәдени ортасын қалыптастыруды басты мақсаты санайды.

Turkistan газетінің шетелдегі кейіпкерлері марапатталды

Ал Омбы өлкесінде туып-өскен Торғын Әшенова жолдасы екеуі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүр. Сонымен қатар «Омбы қазақтары» ұйымының негізін қалап, осымен аттас газет шығарып отыр.

Turkistan газетінің шетелдегі кейіпкерлері марапатталды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button