Жаңалықтар

Turkistan газетінің шетелдегі кейіпкерлері марапатталды

ашық дереккөзі

Turkistan газетінің шетелдегі кейіпкерлері марапатталды

Ресейдің Красноярск қаласындағы «Ақ Жайық» қазақ ұлттық-мәдени автономиясының негізін қалаушылардың бірі Гүлнар Төлешова мен «Омбы қазақтары» ұйымының негізін қалаған Торғын Әшенова еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды. Гүлнара Төлешова мен Торғын Әшенова – халықаралық Turkistan газеті жобасының кейіпкерлері. Шетелде қазақтың рухани-мәдени өмірін насихаттап жүрген олар бұған дейін газетімізге сұхбат берген болатын. Красноярск (Ресей) қаласындағы қазақ жастарының көшбасшысы ретінде танылған Гүлнара Төлешова осындағы қазақтардың рухани-мәдени ортасын қалыптастыруды басты мақсаты санайды.