Жаңалықтар

Димаштың Алматыда өткен концертін қайдан көруге болады?

ашық дереккөзі

Димаштың Алматыда өткен концертін қайдан көруге болады?

«Qazaqstan» телеарнасы 30 желтоқсан – 7 қаңтар аралығын арнайы мерекелік жобалар, концерттік бағдарламалар мен фильмдерге арнайды деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық арна 31 желтоқсан күні 3,5 сағат бойы Димаш Құдайбергеннің Алматыда өткен «Stranger» концертін ұсынады. Әлемнің 70-ке жуық елінен 35 мың тыңдарманның басын қосқан ән кеші 31 желтоқсан күні сағат 18:00-де эфирге шығады. Шоу барысында Димашты өзінің бэнд-тобы сүйемелдейді. Концертте белгілі домбырашылар Темірлан Олжабай, Ернат Наурыз, композитор Ренат Гайсин, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнер көрсетеді. Кеште әнші інісі Әбілмансұр Құдайбергенмен авторлық әнін орындайды.