Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына барды

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен орталықтағы Смарт сыныптың жұмысымен танысты. Ем алып жатқан балалар оқудан қол үзіп қалмауы үшін «Ақылды сынып» ұйымдастырылған. Мұнда мектеп бағдарламасына сәйкес математика, тарих және басқа да пәндер оқытылады.

Президент республиканың әр өңірінен келіп, ем алып жатқан балалармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы жеткіншектердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлық үлестірді.