Алматыдағы чемпионатқа жалаңбас қатысқан иран қызына қатысты тың дерек шықты

Алматыдағы чемпионатқа жалаңбас қатысқан иран қызына қатысты тың дерек шықты

Алматыдағы чемпионатқа жалаңбас қатысқан иран қызына қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Ирандық шахматшы қыз Сара Хадем Алматыда өткен чемпионаттан кейін Испанияға қоныс аударады. Бұл туралы оның жақындары бірнеше БАҚ-қа пікір білдірген деп хабарлады turkystan.kz. Сара Хадем Алматыда чемпионатқа жалаңбас қатысқан. Егер Сара өз еліне оралса, оны өте қатаң жаза күтіп тұр. Себебі 2022 жылдың соңғы үш айында Ирандағы жағдай ушығып кетті. Сара және оның отбасының Испанияда пәтері бар екенін, олар сонда қоныс аударуы мүмкін деген ақпаратты спортшының жақын достары айтқан. Дегенмен олардың тұрғылықты жерде тұруға заңды түрде қағаз алғанын-алмағанын білмейді. Бәлкім, саяси баспана сұрауы да мүмкін дегенді айтты.
«Бәлкім, ол енді ешқашан Иран атынан шахмат ойындарына қатыспайтын шығар. Кім білсін, бәрі құбылып жатқан әлем ғой», - деді жақындары.