Әлемге танымал футболшылар аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қазасына байланысты көңіл айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жатқан жерің жайлы болғай, Пеле» деп жазды Аргентина құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси Instagram-дағы парақшасында.
«Бразилия халқына және отбасына қайғырып көңіл айтамын. «Қош бол» деп айта салу футбол әлемінің қазіргі күйін сипаттауға аздық етеді. Пеле ешқашан ұмытылмайды және ол туралы жылы естеліктер футбол жанкүйерлерінің мәңгі есінде қалады» деп жазды Роналду.
«Футбол Пелеге дейін жай ғана спорт болды. Ол футболды өнерге айналдырып, бәрін өзгертті. Пеле өмірден өткенімен, тарихта аты қалады. Пеле - мәңгілік», - деді ол.
«Футбол королі бізді тастап кетті. Бірақ оның қалдырған мұрасы ешқашан ұмытылмайды. Жатқан жерің жайлы болсын!» деп жазды ол.