Жаңалықтар

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

ашық дереккөзі

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті

Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ірі квазимемлекеттік сектордың ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау алғышарттарын жоюға бағытталған іс-шаралар қаланды. Осыған байланысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің қызметі мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның үйлестіруші рөлі күшейтілді. Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасы бойынша Тұжырымдама шеңберінде елордада квазимемлекеттік сектордың 43 ұйымында жекелеген штаттық қызметкерлермен комплаенс қызметі енгізілді.