ШҚО тұрғыны TikTok-тағы 20 секундтық видео үшін жауапқа тартылды

ШҚО тұрғыны TikTok-тағы 20 секундтық видео үшін жауапқа тартылды

ШҚО тұрғыны TikTok-тағы 20 секундтық видео үшін жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны TikTok-та видео түсіріп, ауылдасының ар-намысына тигені үшін сотқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz ҚАЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, танысымен жанжалдасып қалған әйел TikTok әлеуметтік желісіне 20 секундтық видео жариялаған. Мұны көрген ауылдасы бұл видеоның оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтынын айтып, сотқа шағым түсірді. Сот шешімімен әйел адам 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. 24 жастағы аудан тұрғыны пробация қызметінің есебіне алынып, қоғамдық жұмыстарды атқару үшін әкімдікке жіберілді. Енді ол күніне төрт сағат бойы көше тазалайды.
«Пробация қызметінің инспекторлары әйелдің жұмысты орындауын бақылайды. Егер ол қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заң шеңберінде шара қолданылады», - дейді Шемонаиха аудандық пробация қызметінің басшысы Гүлмира Бөлекбаева.