Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланады

Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланады

Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланады
ашық дереккөзі
Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланады. Одан бөлек, 20 елдімекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Мәселен, аймақтағы Маринова ауылы – Амантай, Ерголка – Тоқтамыс, Самарка – Бөріктал ауылы болып өзгертілмек деп хабарлады turkystan.kz. «Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды. Сондай-ақ 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне ұлы тұлғалардың есімі беріледі.
«Біз елді мекендерге қайта атау беру барысында ғылыми деректерге сүйенеміз. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының «Топоника» кітабында көптеген дерек келтірілген. Яғни біз өз жұмысымызда осы жинақты негізге аламыз. Елді мекенге қайта атау беру үшін алдымен халық арасында түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. БАҚ және әлеуметтік желілерде ежелгі атау туралы ақпараттар толық жарияланады», - деді Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақова.