Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар халықаралық фестивальде 7 кубок жеңіп алды

ашық дереккөзі

Қазақстандық оқушылар халықаралық фестивальде 7 кубок жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Бакуде өткен SAF-2022 робототехника фестивалінде 7 кубокты жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. «Сүйінші! Бакуде өткен SAF-2022 робототехника фестивалінде қазақстандық оқушылар жеңіс тұғырынан көрінді. Халықаралық фестивальге 8 мемлекеттен 350 команда, 1300 қатысушы, (Әзербайжан, Түрікменстан, Эстония, Швеция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Түркия) қатысты. Ал қазақстандықтар түрлі марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық бақылаушылар командалардың өнер көрсету деңгейін жоғары бағалады. Отандастарымыз Vex Robotics Competition саласы бойынша өткен бәсекеде басымдық танытып, негізгі 7 кубокты жеңіп алды» деп жазды миннистр өзінің Facebook парақшасында.