Екібастұздағы жағдай бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады

Екібастұздағы жағдай бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады

Екібастұздағы жағдай бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөзі
Павлодар облысының Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза тағайындалды. Бұл туралы Екібастұз қаласында өткен жедел штаб отырысында аймақ басшысы Асайын Байханов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
 «Ел Президенті жергілікті атқарушы органдармен қажетті жұмыс жүргізуді, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Осыған байланысты энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановқа тәртіптік жаза жарияланды», - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Сондай-ақ облыс әкімі Екібастұздағы төтенше жағдайға жауапты болған басқа да тұлғаларға қатысты тиісті кадрлық шешімдерді жақын арада енгізуге уәде берді.
«Жұмысты қайта қарау керек, сіздердің бұл іске атүсті қарағандарыңыз дұрыс емес», - деді Байханов.
Айта кетейік, Асайын Байханов Екібастұздағы жөндеу бригадалардың жұмысын күшейтуді жүктеді. Сонымен қатар қалалық жылу желілерін жөндеуді тексеру кезінде «Павлодарэнерго» АҚ-ға Екібастұзға қосымша күш жұмылдыруды тапсырды.