Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді
ашық дереккөзі
«City Transportation Systems» ЖШС мереке күндері Астана қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Көліктік қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі төмендегідей жүретін болады: 2023 жылғы 1 қаңтар – жексенбі күнінің кестесі: Барлық қалалық және қала маңындағы №№303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 бағдарларының шығуы таңертеңгі 10:00-ға дейін бекітілген кестеге сәйкес 1 кесте сайын, одан әрі штат кестесі бойынша жүзеге асырылады. Қала маңындағы №№302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 бағдарлар таңғы сағат 10.00 бастап линияға шығады. Шығуы жексенбі күнінің штат кестесі бойынша жүзеге асырылады. 2023 жылғы 2 және 3 қаңтар – жексенбі күнінің кестесі: Кейінгі күндері қоғамдық көлік жұмысы қолданыстағы қозғалыс кестесіне сәйкес штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.