Әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды

Әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды

Әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың  дербес құрамы Әдебиет қайраткерлері
Айтқожа Марфуға 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері
Ақсұңқар Серік 1950 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ахметова Күләш 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Әбдікұлы Төлен 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Әбдікәкімов Тыныштықбек 1953 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
Әшімов Әкім (Әкім Тарази) 1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әшіров Ахмет 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Гарькавец Александр 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері
Досанов Сәбит 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» және   «Парасат» ордендерінің иегері
Елубаев Смағұл 1947 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ерманов Жүрсін 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Есенқарақызы Ханбибі 1949 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері
Жағанова Алтыншаш 1943 жылы туған, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және IIІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері
Жолдасбеков   Мырзатай 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Жүнісов Ерлан 1984 жылы туған, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Исабаев Нұртас 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері
Исабеков Дулат 1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,   «Құрмет» орденінің иегері
Қасенов Дәурен 1974 жылы туған,  ақын,  халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Қосылбеков Дидар 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қыдырханұлы Уахап 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Түменбаев Қуандық  1955 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Медетбек Темірхан 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Мүбарак Бағдат 1978 жылы туған, ақын, халықаралық поэзия фестивалінің лауреаты
Мырзахметұлы Мекемтас 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Нұржан Светқали 1962 жылы туған, ақын, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері
Нұржекеев Бексұлтан 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Салғараұлы Қойшығара 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сүлейменов Олжас 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты
Салықбаева Гүлнар 1963 жылы туған, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Тұрғынбекұлы Серік 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері
Өнер қайраткерлері
Ахметова Шайза 1948 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық әртісі
Әбішев Қайролла 1965 жылы туған, модельер-дизайнер, «Құрмет» орденінің иегері
Әшімов Асанәлі 1937 жылы туған, актер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Байсейітова Раушан 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Байбосынов Қайрат 1950 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Достық»   ордендерінің иегері
Бекетаева Әйгерім 1991 жылы туған, балет әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бегайдаров Қоныспек 1957 жылы туған, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Вербовой Богдан 2002 жылы туған, балет әртісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты
Демеуов Бейімбет 1964 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жаманқұлов Тұңғышбай 1948 жылы туған, актер, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  «Парасат» және «Достық» ордендерінің иегері
Еслямова Самал 1984 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Есмағамбетов Айдос 1986 жылы туған, мүсінші
Жаманбаев Базарғали 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ерболат Жасұлан 1990 жылы туған, актер
Жақанов Ілия 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері
Жақып Құттыбек 1961 жылы туған, суретші
Жұбаниязов Өмірбек 1964 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Исалиева  Бибігүл 1967 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Исмаилов Өмірәлі 1970 жылы туған, суретші
Исмағұлов Оразақ 1930 жылы туған, антрополог, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Қастеева Зарема 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Қалиламбекова Қорлан 1944 жылы туған, опера әншісі, Қазақ   КСР-інің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері
Клушкин Юрий 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Қазиев Ермек 1947 жылы туған, күйші-домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Қойшыбаев Абай 1983 жылы туған, күйші, өнертану магистрі
Қазақбаева Күлжамал 1949 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Лебсак Ирина 1963 жылы туған, актриса, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Мәлібекұлы Жандарбек 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы
Мықтыбаев Батыржан 1978 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Мышбаева Нүкетай 1936 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Мұсаходжаева Раушан 1955 жылы туған, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Молдағали  Фархат 1993 жылы туған, актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Нарбеков  Мұрат 1988 жылы туған, әртіс, халықаралық конкурстардың лауреаты
Нүсіпжан Нұрғали 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және II дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері
Нұрмағанбетов Дінислам 1998 жылы туған, актер
Обаев Есмұқан 1941 жылы туған, режиссер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Оразбаев Сәбит 1936 жылы туған, актер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Осман Асле 1941 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Разиева Гульвер 1936 жылы туған, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері
Сүлеев Әубәкір 1947 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Тасыбекова Торғын 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі
Төлегенова Бибігүл 1929 жылы туған, әнші, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Өтекешева Меруерт 1951 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері
Ысқақов Біләл 1954 жылы туған, күйші-домбырашы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері