Жат құрсақты «жалға» алса…

Жуырда шетелдік БАҚ әлемдегі ең кәрі суррогат ана атанған грекиялық әйел жайлы жарыса жазды. 67 жасар Анастассия Онтоу ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүрген қызына қыз туып берген. Мерзімінен бұрын кесарь тілігі арқылы дүниеге келген нәрестенің салмағы бар-жоғы 1 келі. Анасының суррогат ана болу ұсынысын әу баста дұрыс қабылдамай, кәрі шешесін есінен адасты деп ойлаған қыз кейіннен райынан қайтып, амалсыздан көніпті. Ақырында кейуана өз немересін аман-есен дүниеге әкеліп, қаһарман әже атанды. Өкінішке қарай, «жалдамалы» құрсақтың  көмегіне жүгінетін ата-аналар біздің елімізде де көбейіп келеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 15 па­йызы бала сүю мүмкіндігіне ие бола алмаса, 30 пайызына репродуктивті технологиямен емделу қажет­тігі туындап отыр. Бұл елім­іздегі әрбір бесінші жұп бедеулік немесе белсіздікке шал­дыққандығын көрсетеді. Яғни түрлі экологиялық, әлеуметтік жағдайлар мен денсаулықты күтпеудің салдарынан 350 мың отбасы бала сүю бақытынан айырылған. Дүниеге бала әкелуге қабілетсіз ерлі-зайыптылар амалсыздан суррогат аналардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Балаға зәру ата-аналар әуелі дәрігерлердің есігін күзетіп, одан қалды, тәуіп пен емші ауылын жағалап, ақыр соңын­да соңғы үмітін жат құрсақты «жалға» алумен жалғайды­.  Мұны  біреу қол­даса, біреу күнә деп, енді бірі қылмыс деп үрке қарауда. «Бас­қа­ түссе баспақшыл» демекш­і, үміт жібін үзгісі кел­меген   жандардың  баратын   ақыр­ғы әрекеті­ бұл. Бір ғана 2015 жылдың өзінде 20 мыңға жуық сәби суррогат  аналардың арқасында дүние есігін ашқан.

Бейресми деректер Қазақстанда жылына 100 жұп суррогат ана арқылы балалы болатынын көрсетіп отыр. Құрсақ аналардың көмегіне жүгінетін отбасылар олардың қызметі үшін 10 мың мен 50-60 мың долларға дейін ақы төлеуге әзір. Бала дүниеге келгенше және келген соң тағы екі ай тұрақты түрде ай сайын баланың генетикалық ата-анасы суррогат анаға 40-50 мың теңге шамасында (одан да көп болуы мүмкін) ақы төлеп отыратын көрінеді. Бүгінде елімізде жұмыс істеп тұрған репродуктивті клиникаларда суррогат аналардың базасы жасақталған. Сондай-ақ, құрсақ аналардың арнайы орталықтары да жұмыс істейді. Мамандар суррогат аналарды іздестіруде келеңсіз жайттарға ұрынбау үшін арнайы мамандар мен орталықтардың көмегіне жүгінуді қатаң ескертеді.

Суррогат ана – көкек ана емес

Қоғамда суррогат ананың «көкек» анадан еш айырмашылығы жоқ деп ұғатындар баршылық. Өйткені құрсақтағы сәби басқаныкі болса да, жарық дүниенің есігін ашқанша сол анамен бірге тыныстап, жүрегі сонымен бірге соғатындықтан жат деп айтуға аузың бармайтындай. Тоғыз ай бойы көтеріп, толғатып дүниеге әкелген нәрестені бір иіскемек түгілі, жүзін де көрмей өзгенің құшағына салып беру оңай іс емес. Шыр етіп дүниеге келген баланы еш еміренбестен генетикалық ата-анасына табыстау – қиынның қиыны.

Демек суррогат ананың көкек анадан айырмашылығы –  ол өзге бір отбасына бақыт сыйлайды. Құрсағын жалға беретін әйелдер көкек аналар секілді сәбилерін тірідей жетім етпейді. Кейбір келіншектер өздерінің жақынына, сіңлісі немесе әпкесіне, тіпті жеңгесіне көмектесу үшін де суррогат ана болуға келісім беріп жатады. Енді біреулерді мұндай қадамға жоқшылық итермелейтіні жасырын емес. Сәбилі бола алмайтын ерлі-зайыптыларға көмектесу арқылы талай қыз-келіншек тұрмысын түзеп алды. Алайда қомақты қаржы үшін суррогат ана болуға ниеттенетін арулар ешқандай ақшаға сатып алынбайтын денсаулықтарына залал келуі мүмкін екенін ескере бермейді. Құрсағында өзгенің сәбиін көтеруге келісім берген жанның физикалық, психологиялық даярлығы мықты болуы керек. Одан бөлек, репродуктивті қабілетке де баса назар аударылуы керек. Әйтпесе өзгені бақытқа кенелтемін деп жүріп өз бақытынан айырылғандар жетерлік. Солардың бірі – бірнеше рет суррогат ана болған алматылық Айсұлу (есімі өзгертілді) есімді әйел.

«Алғашында бәрі сәтті болды. Эмбрион өткізу кезінде ешқандай келеңсіздік болған жоқ. Бірақ уақыт өте келе жағдайым қиындай бастады. Тексеріс кезінде жатырдан тыс жүктілік болғаны анықталды. Мұндай боларын қайдан білейін?! Құрсағымдағы баланы аман-есен дүниеге әкелетініме, денсаулығымда ақау болмайтынына сенімді болдым. Өйткені бұған дейін де өзге отбасына бала туып бергенмін. Бірақ бұл жолғы қадам өмірімді күл-талқан етті. Жатырдан тыс жүктілік болғанын білмей көп уақыт жоғалттым. Дәрігерлер ота жасап, жатырымды алып тастады. Мен енді ешқашан сәбилі бола алмаймын», – дейді өзегін өкініш өртеген әйел.

Өкінішке қарай, осындай қайғылы оқиғалар кездесіп тұрады. Мұндай жағдайда суррогат ананың денсаулығына зиян келгені үшін тапсырыс берушілер өтемақы төлеуі тиіс. Бірақ генетикалық ата-ана Айсұлуға өтемақы төлемеген. Тек ауруханада емделу құнын ғана өтеп, өзге міндеткерліктен бас­тарын ала қашқан.  Демек, суррогаттықтың барлық талабына сай болып, денсаулыққа сенімді болған жағдайда ғана мұндай қадамға бару қажет. Жауапкершілікті сезінбей, қауіп-қатерді ескермей кіріскен істің ақыры өкінішке апарып соғады.

«Сурана іздеймін»

Қалай десек те, «жалдамалы құрсақ нарығында» суррогат аналарға деген сұраныс та, ұсыныс та артып келеді. Әлемде бұл әдіспен қанша сәби дүниеге келгені туралы ресми мәлімет жоқ, алайда бейресми сараптамаларға сенсек, дүниежүзінде суррогат ананың көмегімен 220 мыңдай нәресте өмірге келіпті. Құрсақ ана қызметін кеңінен пайдалана бастаған көршіміз Ресейдегі секілді Қазақстан үшін де бұл үрдіс таңсық болудан қалды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Интернет-форумдарда «сурана боламын», «сурана іздеймін» деген хабарландырулар жетерлік және сол хабарландыруларға жауап жазып, келісіп жатқандар да баршылық. Сөзіміз дәйексіз болмас үшін солардың бірін оқырман назарына ұсынғанды құп көрдік: «Стану суррогатной мамой! Русская, вес 70, рост 175, глаза голубые, волосы русые. 28 лет. Рассмотрю естественный путь! У меня отличный генофонд: я творческая, очень симпатичная, в детстве рано начала ходить и говорить, отлично училась, два диплома! Весь путь от беременности до родов стоит 65 000 дол. Деньги передаете нотариально, через договор перед началом нашего сотрудничества! Больше никаких зат­рат не нужно! Я отлично питаюсь, в рационе дос­таточно витаминов, одежду для беременной приобрету сама, наблюдаться и рожать буду в лучшей клинике за свой счет! 14000 у.е. + ежем. 60000 тг. Предос­тавление жилья в Астане» деп хабарландыру иесі өзі жайлы мәлімет пен талап-тілектерін толық тізбектепті. Жарнамасы жарап-ақ тұр. Алайда генетикалық ата-анаға қойған талаптарын кез келген отбасының жағдайы көтере бермесі анық.

«Сурана қызметін» ұсынатындармен қатар форумдарда құрсақ ана болғысы келетін келіншектерге іздеу салатындар да бар. «Добрый день! Ищем суррогатную маму, порядочную женщину без вредных привычек с положительным резусом, желательно алматинку с опытом. Национальность значения не имеет. Наличие первичных анализов. Программа планируется на начало 2014 года. Вознаграждение 10 000 $+ 3 000$ за двойню +1500$ за кесарево + 50 000 ежемесячно» деп жазыпты сәби сүйгісі келетін отбасы.

Ресей және қазақстандық сайттардағы осы іспетті хабарландыруларды саралай келе суррогат ана болғысы келетіндерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ – бала сүйе алмай жүрген жұптарға өз еркімен бала тууға келісу арқылы қаржылық қиындықтарын шешетіндер. Бұндай әйелдер іске өте жауапты қарайды. Суррогат ана «қызметін» толықтай зерттеп, істің қалай өрбитінін, заңнамалық және өзге аспектілердің бәрін алдын-ала зерттейді.  Екінші топ – құрсақ аналарға қомақты қаржы төленеді дегенді естіп, тек қана ақша табу мақсатында желіге хабарландыру қалдыратындар. Әдетте бұндай әйелдер өз «қызметі» үшін тым көп ақша сұрайды. Сондай-ақ, бұл келіншектер істің маңызына тереңдей бермейді. Үшінші топқа алаяқ әйелдерді жатқызуға болады. Суррогат ана болуға келісіп, бірнеше отбасымен шарт жасасып, олардан медициналық тексеру, пәтерақы және тамақтануға ақша алып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен бикештер тәжірибеде талай кездескен. Интернет-форумдарда осындай оқиғаларды баян­дап, құрсақ ана болғысы келетін жан іздеп жүрген жұптарды сақтандырған жазбалар көп.

Заңға үңілсек…

Өз бақытын өзгенің құрсағынан іздеуге мәжбүр болған отбасылар да, оларға көмек қолын созатын келіншектер де үлкен тәуекелге баратыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан екі тарап үшін де заңды білу, суррогаттықтың құқықтық һәм медициналық талаптарын бұлжытпай орындау маңызды.

Елімізде суррогат ана қызметі 1998 жылы заңды түрде жүзеге асырыла бас­тады. Осы жылы «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданып, қосымша репродукциялық технологиялардың әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасы жүргізілді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс қабылданды. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды.

2012 жылғы 7 ақпанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі қолданысқа енгізілді. Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді. Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел 20-35 жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс. Сонымен қатар, өзінің дені сау баласы болуы шарт. Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы керек. Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпараты бар қорытынды шығаруға міндетті. Қорытындының бір данасы суррогат ананың нотариалдық расталған шартына тіркеледі және келісім жасалған орында сақталады.

Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бас­тап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды.

 

Немістер мен жапондар суррогат анаға неге қарсы?

Зерттеуші мамандар суррогаттық тәсілдің ең алғаш рет ХХ ғасырдың алғашқы жартысында жан-жануарларға жасал­ғанын айтады. Бір еркек малдың ұрығымен бірнеше мың ұрғашы мал қолдан шағылыстырылып, ол оң нәтиже берген. Сонан соң мамандар шаруашылықтағы бұқалардың санын азайтып, жаппай осы тәсілді пайдалануға көшкен. Осыдан соң, бұл тәжірибе адамдарға жасала бастады. Англияда Эдварде және Стептоу деген дәрігерлер 1978 жылы табиғи жолмен ұрықтана алмаған ерлі-зайыптылар Джон Браун мен Луиз Браунға суррогаттық тәсілді қолданған. Тәжірибе сәтті аяқталады. Сөйтіп, сол жылғы  25 тамызда  суррогат ананың көмегімен алғашқы сәби дүние­ге келді. Содан бері әлемнің түкпір-түкпірінде белсіздік пен бедеулік қасіретін тартқан жұптар осындай жолмен ата-ана бола бас­тады.

Дүниежүзі елдерінің көпшілігінде құрсақ аналар қызметі заңдастырылғанмен, мұндай тәсілмен өмірге бала әкелуді қолдамайтын мемлекеттер бар. Малайзия, Израиль тәрізді елдерде суррогат ананың көмегіне жүгіну үшін әлеуметтік қызметкерлер, дәрі­герлер мен дін өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылып, мәселе әбден зерттеліп барып келісім беріледі екен. Ал кейбір мемлекеттер баланы жат әйелдің жатырына салуға заң жүзінде ты­йым салған. Олардың қатарында Австрия, Норвегия, Швеция, Франция, Италия, Швейцария, Германия, Жапония, Қытай сияқты елдер бар. Ең қызығы, Аустралия, Ұлыбритания, Дания, Канада, Нидерландтар және Американың Нью-Гемпшир, Вирджиния штаттарында суррогат ана қызметін пайдалануға рұқсат етілгенмен, оларға ешқандай ақы төленбейді. Аталмыш елдерде құрсақ ана болатын жан тегін қызмет көр­сетуге келісім беруі тиіс. «Бұл артынан бала өмірге келгенде түсініспеушілік пен келіспеушіліктердің орын алуына жол бермейді» дейді мамандар.

«Заңның өзі оны бұзу үшін жасалады» деп заңды белден басатындар қай кезде де, қай салада да кездесетіні шындық. Біздің елімізде суррогат ананың мәселесі қанша жерден заңдастырылған десек те, көлеңкелі тұстары қылаң беріп тұрады. Бізде ғана емес, жалпы әлемде суррогаттықты бүге-шігесіне дейін заңға бағындырып қою мүмкін болмай тұр. Әсіресе, құрсақ ана болу мәжбүрліктен бұрын сәнге айналып кеткен АҚШ, Ресей, Украина, Грузия секілді елдердің тәжірибесінде кездесетін келеңсіз жайттар назарға еріксіз ілінеді. Аталған елдерде қалталы адамдардың келіншектері өздерінің сұлу сымбатын бұзбау үшін бала туып беруге келісетін өзге  әйелдердің көмегіне жиі жүгінетін көрінеді. Бет-әлпетіне, мүсініне жасатқан пластикалық оталардан кейін сұлулығы мен сымбатын бүлдіргісі келмейтін қалталы ханымдар үшін бұл өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын тиімді тәсілге айналған.

Тағы бір алаңдататыны, суррогат ана болуға бел буғандардың арасында 18-ге жаңа толған қыздар да бар. Мұны баюдың жолы деп ұғатын жастар қыруар ақша тауып, жағдайларын түзеп аламыз деп ойлайды. Мамандардың айтуынша, бойжеткендердің аңғалдығын репродуктивті медицина орталықтарының маңын айналшықтап жүретін делдалдар жақсы пайдаланатын көрінеді. Делдалдар суррогат ана баланы туғаннан кейін оған келісілген қаржының белгілі бір бөлігін ғана беріп, сан соқтырып кеткен кездер де болыпты. Немістер мен француздардың, түріктер мен жапондардың суррогаттыққа үзілді-кесілді қарсылық білдіруінің бір себебі осы шығар, бәлкім.

Дүниеге бала әкелу – әйелге берілген үлкен сынақ. Адамнан адам шығу оңай еместігін ұққан қазақ «аман-есен аяқ-қолын бауырына алса екен» деп жүкті келіншектердің тілеуін тілеп отырады. Балалы болу бақытынан айырылған жұптарға сәби исін иіскетіп, сәбимен бірге отбасы бақытын сыйлағысы келетін арулар мұндай жауапты қадамды жаңылмай басса екен. Ешқандай ақшаға сатылмайтын денсаулық дейтін ең қымбат байлықты бағалай білсе екен дейміз.

Редакция таңдауы

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...
Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды

Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады....
048023ff62361ba576e21ab656160ef0

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ Алматы облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

«Сайранбек Солтанбекұлы Бармақов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалды»,-...
rawimage

АҚШ 2050 жылға қарай ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан арылуға ниетті

2050 жылға қарай Америка Құрама Штаттары планетаның атмосферасына таралатын зиянды шығарындыларды нөлге...

Жаңалықтар

Алматы маңындағы сауда орталығынан жарылғыш зат іздестіріліп жатыр

Алматы облысындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне бомба қойылды деген ақпарат тарады. Полиция департаменті жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Aport-қа бомба қойылды деп жатыр,...

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ Алматы облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

«Сайранбек Солтанбекұлы Бармақов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалды»,- делінген ИИДМ хабарламасында. Сайранбек Бармақов 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемен...

АҚШ 2050 жылға қарай ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан арылуға ниетті

2050 жылға қарай Америка Құрама Штаттары планетаның атмосферасына таралатын зиянды шығарындыларды нөлге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден климаттың өзгеруіне қарсы...

Қазақстандық суретшінің жұмыстары People америкалық журналында жарияланды

Америкалық People журналы қазақстандық суретші Қанат Нұртазин туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz. "Танымал тұлғалардың, фильм кейіпкерлерінің бейнесін жапыраққа ойып бейнелейтін астаналық жігіт Қанат Нұртазин...

Miras республикалық қоғамдық кеңесінде отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

«Nur Otan» партиясы жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамдағы биылғы алғашқы отырысы өтті. Парламент депутаттары, уәкілетті министрліктер мен мекемелердің басшылары, кино саласының мамандары,...

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 23 сәуірді Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Осы мереке арқылы...

Петропавлда балықшылар Есіл өзеніне көлікпен түсіп кетіп, мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар балық аулауға шығып, көлігімен суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты. СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 22...

Полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді

Ақмола облысында полицияға көмектескен тұрғындарға 1 миллион теңгеден астам сыйақы берілді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі күні Ақмола облысының...

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасалған вакцинаға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әлем бойынша вакцина шығарған бірнеше елдің қатарында екенін айтып, мамандарға алғыс білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Коронавирус: елімізде 823 мыңнан астам адам вакцина алды

Қазақстанда 823 498 адамға коронавирус вакцинасы егілді, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 23 сәуірдегі мәлімет бойынша елімізде 823 498 адам коронавирус вакцинасының бірінші...

Жүйелі жұмыс, өнімді іс

Осы аптада еліміздің барлық аймағында  «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының  есеп беру жиналысы басталды. Бір апта ішінде партия мүшелері ұйымдардың 2019-2020 жыл ішінде...

Шымкенттегі Дендросаябақ ұжымы айыппұл салған полицейді сотқа бермек

Шымкенттегі дендросаябақ ішінде көлікпен жүргендердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, халықтың қызу талқысына түскен еді. Көліктегі 6 азамат та Асанбай Асқаров атындағы дендропарктің қызметкерлері болып...

Елімізде коронавирустан 32 адам қайтыс болды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің 21 сәуірдегі дерегі бойынша елімізде 32 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Оның үшеуі КВИ-, 29 науқас – КВИ+. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы...

Бокстан әлем чемпионаты: Дана Дидай күміс жүлдегер атанды

Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Дана Дидай күміс жүлдегер атанды. Д.Дидай 75 кг салмақта соңғы бәсекеде үндістандық Санамача Чану...

Заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 130 адам қаза тапты

Заңсыз мигранттарды алып келе жатқан қайық Ливия жағалауында аударылып, 130-ға жуық адам қаза тапты, – деп жазды Life.ru. SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымы Ливия жағалауында...

Өткен тәулікте 3 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 22 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2894 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 511, Алматы қаласы - 698,...

Соғыс ардагерлеріне 2 миллион теңгеден беріледі

Ақтөбе облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өңірде 6 706 соғыс және еңбек ардагері тұрады: 20 соғыс ардагері, 1 714 Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген,...

23 сәуір: ел тарихындағы елеулі оқиғалар

2004 жылы 23 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы құрылды. Оның бас директоры болып профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева тағайындалды....

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидромет мамандарының болжамына сүйенсек алдағы бірнеше күн еліміздің 8 бірдей өңірінде ауа райы күрт өзгереді. 23-25 сәуірде...

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы қандай?

Денсаулық сақтау министрлігі Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасының сапасына күмәндануға еш...

Үржар әуежайы жабылады: Алакөлге қатынайтын пойыз және автобус саны арта ма?

Шығыс Қазақстан облысында Алакөлге баратын туристер үшін теміржол және автобус рейстерінің саны арттырады. 1 мамырдан бастап Үржар әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмысын жүргізу мақсатында жабылады....

Miras қоғамдық кеңесі бас қосты

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратында Miras республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуда қазіргі отандық кинематография саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Кеңес барысында «Nur Otan»...

Атышулы Q-рор тобының мүшелері есірткі сатты деген күдікпен ұсталды

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын жасап, сатты деген күдікпен ұсталды. Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстаған. Топты басқарған – 1994 жылы туған...

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау 4 мамырдан басталады

«Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады. Білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленовтың мәліметінше, стипендиялар үш...

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады. Жайсыз хабар туралы өнер иесінің...

Nur Otan: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия жұмысы тиімсіз

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай қаражат бөлінгеніне қарамастан, жекелеген елдімекендерде адамдар әлі күнге дейін суды тасып ішуге мәжбүр. «Nur Otan» партиясындағы...

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімі тағайындалды

Ғани Рысбеков жаңадан құрылған Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды. «Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы...

Анастасия Решетникова: «Москва қазақша» жобасы біздің өмірімізді өзгертті

Әлеуметтік желілерде Мәс­кеу көшелерінің бі­рін­­де жүріп, орыс жазушы­ла­ры­ның өмірін қазақ тілінде си­паттаған мәскеулік екі қыз­дың видеосы көпшілікті таң­ғалдырған болатын. Осыдан кейін «қазақша акценті бар...

Президенттің Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30...

«Ахыс­ка» – ағайынға алтын көпір

Қазақстан және онда тұратын барлық этностың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын, өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде...

Ынтымақты елдің баласы бақытты

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Қазақстанды мекендеген ұлттар мен ұлыстардың береке-бірлігі, татулығының арқасында шаңырағымыз шай­қалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер...

Ұлағат

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, ғалым, эколог деңгейіне кө­теріл­ген Мұсағали Дуамбековтің қалыптасу жолындағы өмір­дерегіне тоқ­талсақ. Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген Мұсекең жас­тайынан алғыр, зерек...

Жамбыл және Сапарғали Бегалин

Жәкеңнің өскен ортасы, ата-ба­ба­сы­нан келе жатқан дәстүрі, өзінің өмір жолы нақты деректер мен естеліктер ар­қы­лы қызықты суреттеледі. Кітап шы­найы­лығымен да тартымды», – деп анық-қа­нық...

Шамалған тұрғындарының шағымы бар…

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­дағы 1976 жылы салынған 4 қабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Жауын-шашын күндері төбесінен су сорғалап, үйдің электр жүйесі істен...

«Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер…»

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетін қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға шақырып, бере­келі айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы...

Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды – Қ.Тоқаев

Алдағы үш жылда Атырау облысында 55 мың адам жұмыстан босайды. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Қазіргі...

Дерт пе, әлде не?

Адамзат тарихында жыныс ауыстыру операциясы алғаш рет 1926 жылы Берлин қаласындағы Жыныстық зерттеулер институтында жасалды. ХХ ға­сыр­дың басында өзінің жынысына көңілі толмайтындарға шизофрения диагнозы...

Тағдырым, саған не істейін?

Ерте көктемде тулап ағатын келте өзендер болады. Қара жер­дің бетіне тебіндеп көк шыға бастағанда, тебіреніп тасыған өзен­нің асау толқындары жеткен жері­нің бәрін де суға...

Телеарна рейтингі талғам таразысы ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты жария­лан­ған карантин шектеулері телеаудитория ау­қымын ұлғайтты. Бұл құбылыс әлем елдерімен қатар Қа­зақстанда да байқалып отыр. Карантин шектеулері жұртшылықты үйде отыруға, ірі...

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ: Абай Семей мен Жидебай арасында жүріп-ақ «Абай» болған

Семей – еліміздегі тарихи маңызы ерекше қаланың бірі. Өткен ғасырдың басында Алаш көсемдері осы шаһарда бас қосып, келелі кеңестер өткізгендіктен сол кезде зиялылар шо­ғырының...

Алматыда көлік кеңесі құрылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Сарапшылар қауымдастығы және белсенді қалалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту, бірыңғай...

Ине ұшындағы иммунитет

Былтыр қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия әлем халқының шамамен 70 пайызы вирусқа қарсы вакцина алған кезде аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Елімізде вирусқа...

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды

Түркістанның құрылғанына 3000 жыл толды дегеніміз – мақтаныш үшін айтыла салған сөз емес, тарихи шындық! Осы жылдың 20-22 наурызында Түркістан қаласында өткен ме­диа фо­рум­да тарих...

Президент еліміздің батыс өңірін сенімді электр желісімен қамтуды тапсырды

Еліміздің батыс өңірі сенімді электр желісімен қамтылуы тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бесінші –...

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын...

 Мархабат Байғұт: қоғамдық кеңестер мол жауапкершілік жүктейді

 «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының кестесіне сәйкес, партияның Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Жиында партияның алдағы жоспарын межелеп, аумақтық филиалдарындағы сайланбалы...

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген QazVac (QazCovid-in) қазақстандық вакцинасының бірінші партиясын жөнелтуге қатысты. «Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің еліміздің...

Pfizer компаниясы өз вакцинасының жалған нұсқалары қолданылғанын анықтады

Pfizer компаниясы өз өнімінің жалған нұсқалары Мексика мен Польшада қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Екі елдің билігі дәрі-дәрмектің қаптамаларын тәркілеген, ал компания...

Жанжалға байланысты орнынан кеткен Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Үш жыл бұрын болған шулы оқиғаға байланысты лауазымынан айырылған Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінде жаңа лауазымға ие болды, деп...

«Роза Рымбаева да ауырып тұрыпты». Әнші Майра Мұхамедқызы вакцинаның әсерін ауыр өткергені туралы айтты

Опера әншісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы вакцина ектіргеннен кейінгі хал-ахуалы жайлы Instagram-дағы парақшасында жазды.  Әншінің айтуынша, 3 күнге дейін...

Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі

Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді. "Бас прокуратура өлім жазасы бойынша...

Аудандық мәдениет үйінің құрылысы партияның бақылауында болады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өткен жылдың желтоқсан айында Көкшетауға келген ресми сапары барысында өткізген қоғамдық қабылдауында Аршалы ауданында мәдениет үйін...

Ақын Жәркен Бөдешұлы өмірден өтті

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасында өмірден өтті. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растады, деп хабарлайды malim.kz. Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай...

Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты

Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz. Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас...

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды

Қарағанды облысында 24 сотталушының ата-анасы алғыс хат алды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Алғаш рет сотталғандардың жақсы тәртібін, өзін-өзі жақсы ұстауын ынталандыру, сондай-ақ "кері байланыс" қағидаты бойынша...

Пәкістандағы терракт: Содырлар қытай елшісін жарып жібермек болған

Пәкістанның Кветта қаласындағы Серена қонақ үйінде терракт болды. Конақ үйдің көлік тұрағында бомба жарылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды,-деп...

Өткен тәулікте 2 893 адам індет жұқтырған

Елімізде өткен тәулікте 2893 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020 сайтында ресми хабарланды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 574, Алматы қаласы - 695, Шымкент қаласы...

Марста алғаш рет оттегі алынды

Марс атмосферасынан алғаш рет оттегі алынды. Бұл Қызыл планетаға жіберілген Moxie қондырғысы арқылы орындалды, - деп хабарлайды 24.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып. “Бұл технологияны таныстыру,...

Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?

1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды. 2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ...

30-жылдардағы ашаршылық зерттеледі

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық ғылыми-сараптамалық тобы ұйымдастырған экспедиция барысында зерттеушілер тарихи маңызға ие орындарды аралап қайтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Экспедиция мақсаты – 1930-жылдары болған ашаршылық...

Алматыда тауға шығуға тыйым салынады

Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда,...

Елімізде алдағы үш күнде күн жылынады

«Алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан...

Үндістанда жаңа мутация пайда болды

Коронавирустың жаңа мутациясы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталды деп мәлімдеді Геномика және интеграциялық биология институтының қызметкері Винод Скария. Батыс Бенгалияда коронавируспен ауырғандар саны артқан: соңғы...

Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Elbasy.kz сайтында хабарланды. Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы...

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? – Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады. "Бізде мәжбүрлі...

Мәжіліс депутаты жол салуға көбірек ақша жұмсауды ұсынды

Жол салған кезде сапаға баса назар аудару қажет. Депутат Шәміл Осин 21 сәуірде Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында вице-премьер Роман Склярға ұсыныс тастады, - деп...

Жазушы Дулат Исабеков: Кеңес өкіметінің қайта орнағанын аңсай бастадым

Бұл туралы пікір жазушы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Журналистің «90-ншы жылдардан бергі өзгерістерге көңіліңіз тола ма? Теледидардан көрсетіп жатқан жетістіктер ауыз толтырарлықтай ма?» деген сұрағына: «Шынымды айтсам,...

Марат Әзілханов екі бірдей лауазымды қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарын тағайындады. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы...

АҚШ санкциялары Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға тигізер әсері жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz жеткізді. – Бұл санкциялар Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын...

Түркістанда банк қызметкері тұрғындар атынан несие алған

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның атынан артығымен несие рәсімдеп, ақша жымқырып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеп отыр. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған....

Студенттер Жапония билігіне шағымданды

Оңтүстік Кореяда студенттер Жапония билігіне қарсы шеруге шықты. Себебі жуырда жапон билігі «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа төгу туралы шешім шығарған болатын. Наразылық акциясы...

АҚШ елшісі: Қазақстан біздің вакциналарды сатып алса деймін

Енді АҚШ-тың коронавирусқа қарсы вакциналары елімізге жеткізіледі. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер 21 сәуірде өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды regnum. Елші АҚШ-тың...

Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді. Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына...

Шымкентте дәрігерлер өкпесі 80 пайыз істен шыққан науқасты аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер өкпесі істен шыққан 52 жастағы азаматты аман алып қалды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Исагил Тасимті 4 сәуір күні өте ауыр...

Экс-министр Елжан Біртанов: Эпидемиямен қалай күресу керегін білемін

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов сотта өзін босатуды сұрады, деп жазды informburo.kz порталы. "Аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды" деп айыпталған бұрынғы Денсаулық сақтау минстрі...

Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

Ақтауда Каспий теңізі жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер...

Израильде маскасыз жүруге рұқсат берілді

Израиль билігі 18 сәуірден бастап далада медициналық маска киюді міндеттеуді тоқтатты, деп жазады The Times of Israel. Жарлыққа елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Хези Леви...

Нәсілдер қақтығысы: АҚШ-та митинг басталды

Огайо штатындағы Колумбус қаласында полицей 16 жастағы Макайя Брайант есімді  қара нәсілді қызды атып өлтірді. Осыған байланысты наразылық білдірушілер полиция ғимаратына жинала бастады. Бұл туралы...

Ақпанда жоғалған Атырау облысы тұрғынының денесі контейнерден табылды

Атырау облысында ақпан айының басында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешов өлі күйде табылды, деп хабарлайды azh.kz. Ол қала маңындағы Талғайран ауылының тұрғыны болған. Атырау...

Ағылшын футбол клубтары Суперлигадан шығатынын мәлімдеді

"Манчестер Юнайтед", "Ливерпуль", "Арсенал" және "Тоттенхэм Хотспур" ағылшын футбол клубтары еуропалық Суперлига жобасынан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футбол клубтарының ресми парақшасында...

400 жаңа мектеп салынады: Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Келесі жылдың соңына дейін 400 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысында...

Айсұлтан Сейітов алғаш рет толықметражды фильм түсірді

Әлемге танымал жұлдыздар - реперлер мен орындаушылардың бейнебаянын  түсіріп жүрген қазақстандық жас режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» атты толықметражды фильмінің түсірілімін аяқтады, - деп хабарлайды...

АҚШ-Қазақстан арасында визасыз режим орнатыла ма?

Америка Құрама Штаттары Қазақстанға визасыз режим беруге әлі дайын емес. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, біздің ел...

Қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделерді қадағалайды

Жақында «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалында алдағы бес жылда қаламыздың болашағы жарқын, экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және келбетті...

9 мамырда мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Ташкентте 9 мамыр күні сағат 21: 00-де Еске алу және құрмет тұту күніне арналған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы президенттің Жарлығына сілтеме жасап УзА...

Енді нысандар құрылысының сапасын «Халықтық бақылау» қадағалайды

Алматы тұрғындары енді мегаполистегі нысандар құрылысының барысын өздері бақылай алады. Құрылыс процесіне жедел қоғамдық мониторинг жүргізу үшін және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда «Халық бақылаушылары» дереу партиялық бақылау комиссиясына хабарлайды. Жоба «Nur Otan»...

Голливуд жұлдыздары Байденге өтініш жасады

Голливудтың ондаған жұлдызы және басқа да әлемге әйгілі адамдар АҚШ президенті Джо Байденге ашық хат жазып, Бразилия көшбасшысы Жаир Болсонарумен экологиялық келісімдерге қол қоюды...

СҚО-дағы су қоймаларында су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы молайып, Долматово елдімекенінің маңында бір тәулікте 113 см дейін көтерілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасында су...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды...

Депутат техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін көтерді. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет әлеуметтік салаға жіті...

Жамбыл облысында басқарма басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда көрді деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған. Бұл...

Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалықтың баласы құтқарылды

Ақтау қаласындағы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мәліметінше, кішкентай итбалық орталықта екі аптадай болған. Орталыққа түскен кезде әлсіз, салмағы 4,4 келі ғана болса,...

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған...

«Талап етеміз!». Атырау облысында тағы да жер дауы туды

Атырау облысында тағы бір жер дауы туды, Тасқала ауылының 100-ден аса тұрғыны "ЭлитСтрой" ЖШС жеке компаниясының карьер жұмыстарын жүргізуіне қарсы болып, митингіге шықты, -...

Алматыда 380 орындық инфекциялық орталықтың құрылысы басталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жаңа медициналық орталықтың құрылысында болды, сондай-ақ велосипед мектебі мен «Ақбұлақ» ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер аймағының жобаларымен танысты. Алматы әкімі...

Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 766 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 765,98 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланбай жатқандығы белгілі...

Мектепке қабылдау жүріп жатыр: Министрлік өтініштерді электронды форматта қалай тіркеу керектігін ескертті

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алты жасар және биыл 6 жасқа толатын балалардың құжаттарын бірінші сыныпқа қабылдау науқаны жалғасып жатыр. 20 күннің ішінде...

Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде сібір тау ешкісі фототұзаққа түсіп қалған

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі...

Марафоншы Заңғар Әлкенов Рекордтар кітабына енді

Марафоншы, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Заңғар Әлкенов Қазақстанның Рекордтар кітабына енді. З.Әлкенов 2020 жылдың қыркүйек айында 1,5 тәулік бойы тоқтамастан жүгіріп, 200 шақырымды құрайтын...

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып,...