Газетке жазылып, Iphone ұтамын деп ойламадым - Қадырбек Қалиев

Газетке жазылып, Iphone ұтамын деп ойламадым - Қадырбек Қалиев

Газетке жазылып, Iphone ұтамын деп ойламадым - Қадырбек Қалиев
ашық дереккөзі
«Түркістан» газетіне жазылып, Iphone 14 Pro ұтып алған атыраулық оқырманға сыйлық табысталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Айқын – Литер» ЖШС ұйымдастырған газетке жазылушы оқырмандар арасында ұтыс ойынын ұйымдастырды. Байқау жеңімпаздарының бірі, атыраулық Қадырбек Қалиевке Iphone 14 Pro телефоны тапсырылды.

 width=

​Төтенше жағдайлар департаментінде, Аппаттық медицина орталығында дәрігер болып жұмыс істейтін Қадырбек Қалиев қазақ газеттерінің тұрақты оқырманы.

Оның айтуынша, газет-кітап оқыған адамның білім көкжиегі кең болатынына сенімді.

«Қазақ газеттерін он жылдан бері жиі оқимын. Мәселен, «Жұлдыз», «Жалын» журналдарынан бастап, көптеген республикалық газеттерді іздеп жүріп оқитын адаммын.

«Түркістан» газетіне биыл бірінші рет жазылып отырмын. Газеттің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлының шығармашылығын жақсы білемін.

Газетке жазылып, Iphone ұтамын деп мүлде ойламадым. «Ұтыс шықты» деп, телефоныма түс мезгілінде хабарласты. Сене алмай, сасқалақтадым. Теледидарды қосып, шынымен, ұтыс жеңімпазы атанғанымды көргенде, қуанышым қойныма сыймады. Бұған дейін бірде-бір лотереяда сыйлық ұтқан адам емеспін.

Жалпы, кітап, газет оқу - бұрыннан келе жатқан жақсы әдетім. Күнде таңертең таңғы алтыда тұрып, бір сағат кітап оқимын. Өзім үш баланың әкесімін. Кітап оқуды балаларыма да үнемі дәріптеп жүремін.

Оқырмандар үшін ерекше сый жасаған «Түркістан» газетіне мың алғыс! Шығармашылық табыс тілеймін!» - дейді жеңімпаз Қадырбек Қалиев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.