Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
"Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды»", – делінген Ақорда хабарламасында. Соған сәйкес, Нұрлан Орманбетов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан; Қайрат Садықов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.