Жаңалықтар

ЕҰУ студенті Құрманғазы туралы мультфильмді жарыққа шығарады

ашық дереккөзі

ЕҰУ студенті Құрманғазы туралы мультфильмді жарыққа шығарады

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің бесінші курс студенті Аружан Унарбекова Құрманғазы туралы мультфильмді дайындап жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Жас дарынның бұған дейін Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы секілді тарихи тұлғалардың салған суреті кеңінен танымал болды. «Аниме форманың анықтығымен ғана емес, кейіпкердің мінезі және  эмоциясын көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір біздің елімізде анимация индустриясы өте қарқынды дамып келеді, көптеген студиялар ашылуда. Мен болашақта комикс шығарғым келеді», - деп атап өтті ол.