Әлеуметті әуенмен әлдилеген радио

Әлеуметті әуенмен әлдилеген радио

Әлеуметті әуенмен әлдилеген радио
ашық дереккөзі
Ақпараттық технология қарыштап дамыған за­­­манда радионың адам өмірінен алар орны ерекше. Елімізде 5 мыңнан аса БАҚ тіркелген, оның 84-і радио. Уақытпен арпалысқан кезеңде радионы кез келген ортада, қоғамдық көлiкте, үйде, тiптi ұялы телефон арқылы да тыңдауға болады. Халқымыздың шын мәніндегі рухани шежіресін жасап келе жатқан әуетолқын­дарының бірі –NS радиосы. NS радиостансасының алғашқы эфирі 1995 жылы 6 наурызда Алматыдан тыңдар­манға жол тартты. Эфир «Ка­терок» мультфильміндегі «Чунга-Чанга» әнімен ашылды. Алғашқы эфирді журналист Константин Иванов жүргізді. 1997 жылдан бастап радио Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен сияқты еліміздің басқа да қалаларына хабар тарата бастады. Содан бері желінің аясы кеңіп, 28 хабар тарату нүктесіне дейін ұлғайды және бүгінде 70 ірі елді мекенде тәулік бойы ақпарат таратады. Бастапқыда радиостанса эфи­рінде тек орыс тіліндегі әуендер қойылып жүрді. Алайда 2000 жылы радиостансаның бағыты өзгеріп, эфирде түбегейлі жаңа хабарлар пайда болды. Осы­лайша, NS радио толқынында шетелдік музыкалық компози­циялар мен әлемдік хит әндер шырқалды. 2016-2017 жылдары радио формат екінші рет жа­ңартылды. Бiр кездерi жиiлiктен ресми тiлде болған NS радиосы бүгiнде мемлекеттiк уақыт эта­лонын беретiн электронды ақ­парат құралына айналды. Нә­тижесiнде, мемлекеттiк тiлдегi бағдарламалар бөлiмiнiң ма­мандары «БАҚ туралы» заңның талаптарын орындап, қазақ тi­лiнде тәлiм-тәрбиесi мол ха­барлар дайындауға ерекше мән берiп келедi. Әсiресе, әуетол­қынының күндiзгi уақыты қазақ тiлiндегi ақпараттық-сауықтық бағдарламалармен толықты. Алғашында NS радиостанса­сынан «NS-тiң таңғы шашуы» атты ақпараттық-сауықтық әрi танымдық бағдарлама тарай бастады. Телефон арқылы тiке­лей толқында тыңдарманмен тiлдесетiн хабар жүргiзушiлерi көптiң көкейiнде жүрген ұлттық мәселелердi қозғады. Бұдан бөлек, тiл тазалығына арналған «Тiлтану», ақпараттық-сарап­тамалық «Екпiн» және «Қазақ баспасөзiне шолу» бағдарла­ма­лары тыңдарманның жүрегiнен ерекше орын алды. Сондай-ақ NS радиосы бар­шаға танылған I Am a Singer Қытай музыкалық шоуының қа­зақстандық нұсқасын ұйым­дастыруға қатысты. Жыл сайын наурыз айының басында радио­стансасы өзінің туған күніне және Халықаралық әйелдер күніне орай ауқымды концерт ұйымдастырады. Әуе толқынының ұстанымы айқын 30 жылға жуық уақытта өсу мен өрлеудің, талмай іздену мен талпыныстың жемісі сол – NS радиосы бүгінде ұлттың үні деген лайықты атқа ие болды. Тың­дарман талғамы қашанда биік. NS радиосы сол талғамға сай танымдық, ойын-сауық бағдар­ламалар ұсынудан шаршаған емес. Айталық, күн сайын әуе­толқыны «Жаңа таң» бағдарла­масымен басталады. Екі сағаттық ойын-сауық бағдарлама таңер­теңнен оянып, жақсы көңіл күй­де болуға септігін тигізеді. Эфирде көптеген пайдалы ақпа­рат, жұлдызшының кеңестері, айрықша оқиғалар, сергітетін музыка мен интерактивті ойын­дар да қамтылған. Әр жұмыс күні сағат 08.00-ден 10.00-ге дейін, бағдарламаны Александр Шмы­галев және Евгения Гришанина тізгіндейді. «Жұлдызнама» ай­дарында күн сайынғы астро­болжам жасалып, оқырман­дар­дың бір күнгі жоспарларын дұрыс сәйкестендіруге мүмкіндік береді. «Не дейді?» айдарында көпшіліктің талқысына түскен жаңалықтар мен оқиғалар тура­лы қысқаша баяндалады. «Бә­рінен оңай» айдарында тың­дар­манның көңілінен шығатын, өмірде жүзеге асыруға болатын керек кеңестер айтылады. Де­малысқа қай ай лайықты? Балалар планшеттерден қалай бас тартады? Жұмысқа ерте тұра­тындар қабілетті ме? Әлде кеш жататындар ма?… Осы және өзге де қызықты сауалдарға «Бәрінен оңай» айдары жауап береді. «Жа­ңа таң» бағдарламасының келесі айдары «Міне, осындай кино» деп аталады. Бұл әлемдік пре­мьераларды асыға күтетін кино­сүйер қауым үшін қызықты ақ­параттар легі. Осылайша, әр бей­сенбі және жұмада, радио эфирде танымал кинотуын­ды­ларға шолу жасалады.
– Радионы сүймеу мүмкін емес. Бұл шулы болса да, мінсіз өнертабыс. Әйтсе де, осы бір FM дыбыстың бір бөлігі болу – жа­уапкершілігі мол, сонымен қатар қызықты тәжірибе. Эфирдің кө­ңілді өтуі жүргізушіге байла­нысты. Мен тамаша көңіл күй­мен бөліскенді ұнатамын, ал тыңдаушыларым риза­шылық­тарын білдіріп жатады. Ты­ныштықтан ажырап, NS радио­сын тыңдаңыздар! – дейді таңғы эфир жүргізушісі Евгения Гри­шанина.
Сонымен қатар NS радио­стансасынан жедел түрде жа­ңалықтармен танысуға болады. Әлем және Қазақстан жаңа­лық­тары қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. Басқа радио­стан­салардан NS-тің ерекшелігі – ең өзекті жаңалықтарды басқа­лардан 5 минут ертерек, соңғы оқи­ғаларды бірінші болып ха­барлауы.  width= Радио – тыңдармандардың қуанышына ортақтасатын, алыс­тағы ағайынды жақындас­ты­ратын ерекше орын. Сондықтан да тыңдармандардың бір-бірімен хат-хабар алмасып, құттықтау жол­дау әдеті бұрыннан қалып­тас­қан. NS радиосында Live Chat музыкалық – құттықтау бағдар­ламасы қазақ тілінде (күн сайын сағат 14.00 ден 15.00-ге дейін) және орыс тілінде (16.00-ден 17.00-ге дейін) жарық көреді. Бұл бағдарламада тыңдаушылар тікелей эфирде қалаған адамына сәлем жолдап, тілек айтып, за­манауи байланыстың барлық мүмкіндігін пайдаланады. Радионың негізгі тыңдар­мандарын көлік тізгіндеген аза­маттар мен жолаушылар құ­рай­ды. Күйбең тірліктен шаршаған кезде жақсы бір әуен үшін жаңа әуе толқынын іздейтіндер де бар. Аудиторияның осы сұранысына орай NS радиосы «Хит за хитом» атты бағдарлама ұсынады. Үздік хиттер мен әлі ешкім білмейтін жаңа әндердің қосындысынан тұратын музыкалық бағдарлама тыңдарманға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Музыкалық шеру әр жұма және сенбі күндері кешкі 8-ден түн ортасына дейін жал­ғасады. Сонымен қатар радио автожүргізушілер үшін кепте­лістер мен айналма жол іздеу мүмкіндіктері туралы жедел ақпарат таратады. Осылайша, қаладағы кептелістің жай-күйін баяндап, тыңдармандарға көмек көрсетеді. NS радиосымен бірге өткен жылдарға оралып, ыстық есте­ліктерді еске түсіруге де болады. Дүйсенбіден бейсенбіге дейін кешкі 8-деVHS дәуірі, 80, 90 және 2000-жылдардың би хиттері қосылады. Үздіктер қатарынан табылды 27 жылдық тарихы бар кәсіби радио студияда мықты мамандар жұмыс істейді. NS радиосы жыл сайын үздіктер қатарынан табы­лып, әртүрлі халықаралық, рес­публикалық байқауларда топ жарып жүр. Айталық, 1999 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық жарнама фестивалінде «Не кури» аудиожарнамасы үшін «Әлеу­меттік жарнама» аталымында Алексей Парепко 1-орын алды. Сондай-ақ әр жылдары төмен­дегідей жүлделерді иеленді: 2002 ж. «Эфемми» сыйлығы (Қазақстан): «Жылдың үздік бағдарламасы» – «Портреты» (Люд­мила Тимошенко) 2002 ж. «Эфемми» сыйлығы (Қазақстан): «Жылдың үздік жүр­гізушісі» – Наиль Ахмед­жанов. 2004 ж. «Халық сүйіспен­ші­лігі» бас жүлдесі – NS Радиосы белгісі. Brand of the year байқауы (Қазақстан). 2013 ж. «Жыл таңдауы №1» фестиваль-байқауында «Қоғам­дық тану» сыйлығының иегері. 2014 ж. «Жыл таңдауы №1» фестиваль-байқауында «Әлеу­меттік және мәдени салаларды түсіндіруде қосқан үлесі, тұрақты кәсіпқойлық және жоғары шы­ғармашылық деңгей» бизнес Гран-при №1 арнайы жүлдесі. 2015 ж. Қазақстан Республи­касы журналистика акаде­мия­сының «Алтын Жұлдыз» ұлттық жүлдесі «Үздік радио» аталымын. 2017 ж. «Жыл таңдауы №1» фестиваль-байқауында «Кәсіп­қойлық жетістіктер үшін» ата­лымында лауреат. 2018 ж. Tolqyn сыйлығының иегері Ләззат Абдреева – «Үздік эфирлік дауыс». 2018 ж. Tolqyn ұлттық сый­лығы – «Музыкалық бағдарлама» аталымы бойынша жеңімпаз. 2019 ж. Tolqyn ұлттық сый­лығы – рейтингтік компания­лардың нұсқасы бойынша ең танымал радио. 2020 ж. Жаңалықтардың ­шы­ғарушы редакторы Ләззат Абдрее­ва сол кездегі «Nur Otan» партиясы тағайындаған «NUR SUNQAR – 2020» республикалық байқауының «Радионың үздік журналисі» аталымында же­ңімпаз атанды.  width= Сондай-ақ 2021 жылы «Жаңа таң» жобасы баспа, радио, ин­тернет журналистика сала­сын­дағы жеңімпаздарды анықтайтын URKER AWARDS 2021 беделді ұлттық байқауында «Радио­стансадағы үздік жоба» ата­лы­мында жеңіске жетті. 12 номи­нация, 340 қатысушы бақ сы­наған бірнеше кезеңдік байқауда NS радиосы топ жарды.
– «Жаңа таң» жобасы тың­даушыларды алдағы уақытта да сапалы контентпен қуанта бер­мек, өйткені NS радиосы – бұл толығымен отандық өнім, біздің сигналды еліміздің барлық нүк­тесінен естуге болады. 27 жыл бо­йы бізге сенім артқан мил­лиондық аудиториямызға мың алғыс! – дейді радио ұжымы.
Тыңдармандарынан ажырамаған Радионың әуетолқынына шығатын әдеби-мәдени жау­һарлары тыңдарман қауымның сыршыл көңіліне сазды самал ұялатып, адам жанын баурай­тыны анық. Өнермен өзара өзектес, өмірлес тағдырлар тура­лы толымды толғаулардың топ­тасқан кеніші да осы NS радиосы. Болашақта да радионың дау­сымен оянатын, оның даусынан қуат алатын ұрпақ қатары то­ластамасы анық. Себебі NS ра­диосы тыңдармандарынан бір сәтте ажырап қалған емес. Ке­рісінше, әлеуметтік желіде, «В Кон­такте», Facebook, және Instagram беттерінде тыңдар­ман­дардың ұсыныс-тілегін қабыл­дап, үнемі байланыс орнатып келеді.
– Бала күнгі арманым радио­да жұмыс істеу болатын. Сол асқақ арманды осы радиода орындау жазыпты. Армысыз, радиосүйер қауым! Ұлттық радио толқынымен бірге болғанда­рыңызға алғысымыз шексіз. Әр күніңіз шаттық сезімімен, қуа­нышты сәттермен көрікті бол­сын. Соның бәрін біз сіздерге сыйлауға әрдайым дайынбыз. NS радиосы үнемі қосулы болсын, қымбатты тыңдарман! – дейді журналист Олжас Тахан.
 width= Сондай-ақ NS радиосының сайты жаңа форматта жұмыс істейді. Оның ұраны – «Біз му­зыкадан жасалғанбыз!». Тың­даушылардың сүйікті әуе тол­қынында тәулік бойы музыка тыңдап, ақпарат алуына болады. Ресурс ыңғайлы функцио­нал­дылыққа ие және оның дизайны айтарлықтай креативті. Радио ойнатқышы кез келген талғамға арналған музыканы non stop режимінде таңдауға мүмкіндік береді. Ыңғайлы болу үшін ин­тернет хабар тарату жеті онлайн стансаға бөлінеді: original, rock, jazz, lounge, kz, орыс хиті және шансон. Радионың веб сайтында отырып бірден WhatsApp-қа қосылып, студиямен тікелей бай­ланыс орнатуға да болады.
– Радио – өте жанды және мобильді құрылым. Идеяданы іске асыруға дейінгі жол қысқа және нәтиже бірден көрінеді. Тек радио көңіл күйді қалыптастыра алады. Біздің эфирдің 70 пайызы соңғы 25 жылдағы танымал му­зыкалар. Біздің аудиторияның жартысы 25 пен 44 жас аралы­ғындағы адамдардан тұрады, оның ішінде әйелдер ер-аза­маттарға қарағанда көп. 80 па­йыздан астамы радионы көлікте тыңдайды, – дейді радио ұжымы.
Бүгiнде NS радиосы еліміздің түкпір-түкпіріне тарап үлгерген. БАҚ iшiнде беделдi орынға ие болып отырған радио қазақ жур­налистикасының дамуына үлес қосып келеді.