Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз көз жұмды
ашық дереккөзі
Павлодарда Н.Назарбаев даңғылы бойындағы №204 үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Дәрігерлер баланың өмірге сәйкес келмейтін көптеген жарақаттар алғанын түсіндірді.
«Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін жасады, өкінішке қарай, баланы аман алып қала алмады», - деп хабарлады Павлодар облысы ҰҚК баспасөз қызметінен.
2022 жылдың 22 желтоқсанында Павлодарда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап кетті. Жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Содан кейін полицейлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 23 желтоқсанда Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы оқушы қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлап, оның комада жатқанын айтқан еді.