Газетке жазылған 3 оқырман iPhone 14 Pro ұтып алды

Газетке жазылған 3 оқырман iPhone 14 Pro ұтып алды

Газетке жазылған 3 оқырман iPhone 14 Pro ұтып алды
ашық дереккөзі
«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС-не қарасты республикалық үш бірдей басылым 1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында газетке жазылған оқырмандар арасында байқау ұйымдастырған болатын. 27 желтоқсан күні «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде ұтысқа ие болғандар анықталды. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары, ақшалай сертификаттар берілді. Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттеріне жазылған 3 оқырман байқаудың басты жүлдесі - iPhone 14 Pro смартфонын ұтып алды.  Тікелей эфирде Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық күнделікті «Aiqyn» газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева, «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы жеңімпаздарды бірге анықтады. «Aiqyn» газетінің ынталандыру сыйлығын Алматы қаласынан Құралай Аккушкарова, 20 000 теңгелік сертификатты Түркістан облысы Қоғам ауылынан Зәрнәби Әлайдар, 50 000 теңгелік сертификатты Қызылорда облысы Сексеуіл кентінің тұрғыны Б.Тлеуов алса, Бас жүлде iPhone 14 Pro-ны Ержан Иманберді есімді оқырман еншіледі. «Литер» газетінің ынталандыру сыйлығын Ақмола облысынан Людмила Борзова, 20 000 теңгелік сертификатты Жетісу облысынан З. Оразбаева,  50 000 теңгелік сертификатты Алматы қаласының тұрғыны  Ғалия  Өткелбаева жеңіп алды. Ал iPhone 14 Pro смартфоны байқауға Жамбыл облысының атынан қатысқан А. Бейва есімді азаматқа бұйырды. «Turkistan» газетінің ынталандыру сыйлығын Ақтөбе қаласынан Талғат Тілеулесов, 20 000 теңгелік сертификатты Ақтөбе облысынан Асылай Қалиғұлла, 50 000 теңгелік сертификатты Шымкент қаласынан Қыстау Дүйсенбек алса, Бас бәйге iPhone 14 Pro-ны Атырау қаласынан Қадырбек Қалиев ұтты.  width=
«Turkistan газеті жариялаған байқауды досымнан естідім. Бұған дейін де газет-журналға тұрақты жазылып тұратынмын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Аңыз адам» секілді газет-журналдар үйіме келіп тұратын. Әсіресе, әдеби әңгімелерді, ақын-жазушылардың сұхбаттарын іздеп жүріп оқимын.  Байқауда жеңіске жеткеніме о баста сене қоймадым. Теледидардан естіген таныстарым хабарласып, құттықтады. Қалжыңдары болар деп едім, жарысты ұйымдастырушылар хабарласып, ең қымбат ұтысты ұтып алғанымды айтты. Дәл сол кезде түскі ас ішіп, бейқам отырған едім», - дейді «Turkistan» газетінің атынан ұсынылған iPhone 14 Pro-ны иеленген Атырау қаласының тұрғыны Қадырбек Қалиев.
Айта кетейік, байқау талабы бойынша, оқырмандар Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттеріне кемі 6 айға жазылып, түбіртектерді тіркеуі тиіс болды. Жеңімпаздар Бас жүлде, ІІ, ІІІ орын және ынталандыру сыйлықтарына ие болды. ІІІ орынға 20 000 теңгелік, ІІ орынға 50 000 теңгелік сертификаты және Бас жүлдеге үш бірдей iPhone 14 Pro смартфоны берілді.