Жаңалықтар

Газетке жазылған 3 оқырман iPhone 14 Pro ұтып алды

ашық дереккөзі

Газетке жазылған 3 оқырман iPhone 14 Pro ұтып алды

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС-не қарасты республикалық үш бірдей басылым 1 қазан мен 25 желтоқсан аралығында газетке жазылған оқырмандар арасында байқау ұйымдастырған болатын. 27 желтоқсан күні «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде ұтысқа ие болғандар анықталды. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары, ақшалай сертификаттар берілді. Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттеріне жазылған 3 оқырман байқаудың басты жүлдесі - iPhone 14 Pro смартфонын ұтып алды.  Тікелей эфирде Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық күнделікті «Aiqyn» газетінің бас редакторы Амангелді Құрмет, «Литер» газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева, «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы жеңімпаздарды бірге анықтады. «Aiqyn» газетінің ынталандыру сыйлығын Алматы қаласынан Құралай Аккушкарова, 20 000 теңгелік сертификатты Түркістан облысы Қоғам ауылынан Зәрнәби Әлайдар, 50 000 теңгелік сертификатты Қызылорда облысы Сексеуіл кентінің тұрғыны Б.Тлеуов алса, Бас жүлде iPhone 14 Pro-ны Ержан Иманберді есімді оқырман еншіледі. «Литер» газетінің ынталандыру сыйлығын Ақмола облысынан Людмила Борзова, 20 000 теңгелік сертификатты Жетісу облысынан З. Оразбаева,  50 000 теңгелік сертификатты Алматы қаласының тұрғыны  Ғалия  Өткелбаева жеңіп алды. Ал iPhone 14 Pro смартфоны байқауға Жамбыл облысының атынан қатысқан А. Бейва есімді азаматқа бұйырды. «Turkistan» газетінің ынталандыру сыйлығын Ақтөбе қаласынан Талғат Тілеулесов, 20 000 теңгелік сертификатты Ақтөбе облысынан Асылай Қалиғұлла, 50 000 теңгелік сертификатты Шымкент қаласынан Қыстау Дүйсенбек алса, Бас бәйге iPhone 14 Pro-ны Атырау қаласынан Қадырбек Қалиев ұтты.