Жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген халықаралық «Болашақ» стипендиясына ие болды деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды. Оның ішінде 60 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 8 адам докторантурасына түсті. Сондай-ақ, 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады. Аталған стипендияға ие болғандардың тізімінде белгілі әнші Димаш Құдайберген де бар. Бірақ қандай оқу орнына түскені белгісіз. Айта кетсек, «Болашақ» стипендиясының иегерлері әлемнің 20 елінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Енді басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.