2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесі
2023 жылы қандай киімдер сәнде болады? – Дизайнер кеңесі
Жаңа жыл жақындағанда дизайнерлер мен стилистер келер жылға кеңес беретін дәстүр қалыптасқан. 2023 жылы қандай түс сәнде болады, қандай киім трендке шығады? Қандай киімдерді қалай үйлестіруге болады? Отандық дизайнер Дамила Жұмабекқызы келер жылы сәнде болудың жолдарын айтты.
Дизайнердің сөзінше, 2023 жылы деним матадан тігілген киімдер трендте болады, сонымен қатар, нәзік матадан тігілген киімдер де сәнге енбек. Кең пішілген киімдерді де гардеробыңыздан шығаруға асықпаңыз.
Одан бөлек, аксессуарлар мен принттердің маңызын да естен шығармаған жөн.
– Ұзын белдемшелер, жолақты футболка, жібектен тігілген, органзадан тігілген ерекше жейделер сәнде, одан бөлек, кез келген образға кішкентай сөмкелер жарасымды болады. Киімге кішкентай сәнді түйреуіштер (брошь) сияқты аксессуарлармен безендіріп тақса да өте ерекше болмақ. Түрлі балеткалар және орташа биік өкшелі аяқкиімдер сәнде болады. Шашты екіге өру трендке енеді және жай ғана жеңіл боянған дұрыс, – дейді маман. Яғни, табиғи көрінетін жеңіл макияж сәнде бола береді.