Әлемге танымал жас қазақстандық жұлдыздардың бестігі белгілі болды

Әлемге танымал жас қазақстандық жұлдыздардың бестігі белгілі болды

Әлемге танымал жас қазақстандық жұлдыздардың бестігі белгілі болды
ашық дереккөзі
«ТурСтат» сервисі 2022 жылғы 30 жасқа дейінгі әлемдегі ең танымал қазақстандықтарды атап, жыл қорытындысын жасады деп хабарлады turkystan.kz. Рейтингінің бірінші сатысында Димаш Құдайберген тұр. Ол биыл Алматыдағы орталық стадионда 35 мыңнан астам көрермен жинады. Қазақстандықтардан басқа, концертке әлемнің 68 елінен 20 мың турист келген. Екінші орында – диджей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкенов. Ол ТМД елдері арасында поп-музыка жанрында  «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш өнерпаз атанды. Оның ремиксі Roses от SAINt JHN әні YouTube-те 250 миллион қаралым жинады. Үшінші орында – теннисші Елена Рыбакина. 2022 жылдың жазында Уимблдонды жеңіп алып, Үлкен Дулыға турнирінің алғашқы қазақстандық теннисшісі атанды. Төртінші орында – боксшы Жәнібек Әлімханұлы. 2022 жылы WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанып, титулды қорғады. Соңғы үздік бестікке кірген - Шавкат Рахмонов. Қазақстандықтар арасында UFC рейтингінің үздік 10-рейт, аралас жекпе-жектің әлемдегі үздік лигасына (ММА) бірінші болып кірді.